Маңғыстаулық теміржолшылар байқаудың бас жүлдесін алды

Аймақтар
25.11.2025, 08:35
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігі мәдениеті аясында Астанада өткен байқауда маңғыстаулық теміржолшылар жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. «Үздік тәжірибелер» атты сайысқа 12 команда қатысқан еді.

Бірінші орынның жүлдесін еншілеген түбек командасы 750 мың теңгенің сертификатына ие болды. Байқауда екінші орын Ақтөбе, үшінші орын Ақмола бөлімшесінің командаларына бұйырды. Байқаудың негізгі мақсаты – қозғалыс қауіпсіздігі саласында бір бөлімшеде болып жатқан соны жаңалық, мықты жобаны өзге бөлімшелерге таныстырып, іске асыруға, тәжірибе алмасуға ықпал ету болатын. Мағыстаудан бұл сайысқа локомотив, вагон, жол шаруашылықтары мен қозғалысты ұйымдастыру және басқару салаларынан кіл мықтылар сайланып кеткен. Байқау шарттарына сай барлық сынақтан сүрінбей өткен олар сайыс барысында мол тәжірибе жинап, қозғалыс қауіпсіздігі бағытында Маңғыстауда қолдануға болатын жобаларды да түйіп қайтқандарын айтады.  

Бес адамнан құралған команданы Маңғыстау ЖТ қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Сұлтанмұрат Тұрғанбаев басқарып, топ құрамында Бейнеу айналым депосының машинист нұсқаушысы, Бейнеу жол дистанциясы бастығының орынбасары, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің қозғалыс бөлімі мен вагон депосынан жетекші инженер-технолог мамандар бар.  

– Бірінші күні әр команда өз аймағында қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бағытында іске асырылған жобалар жөнінде презентация жасады. Екінші күні тренингке қатысып, үшінші күні сайыстың басында берілген үй тапсырмасын орындадық. Бұрын болған қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайы дерегі бойынша тергеу жүргіздік. Жағдайдың себеп-салдарын талдадық. Қайталамау жолдарын қарастырдық. Интеллектуалдық ойындарға да қатысып, өзімізді жан-жақты сынап көрдік. Біз ол жерде бір-бірінен асып түсетін өте мықты жобаларды көрдік. Біз де өз саламызға қатысы бар, қажет болады деген жобалармен жақынырақ таныстық. Оны жасаған мамандармен ақылдасып, ой бөлісіп, жалпы, қай облыстағы теміржол мекемелерінде қандай жобалар жүзеге асырылып жатыр, оның тиімді тұстары неде, нәтижесі қалай, бәріне қанықтық. Берері мол байқау болды, – дейді Бейнеу айналым депосының машинист нұсқаушысы Рамиль Құттымұратов.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады