Желтоқсандағы серпін: Шиелі станциясының нәтижелері

Аймақтар
13.01.2026, 09:23
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шиелі – өңірдің оңтүстігіндегі өндірістік станция. Өткен жылдың желтоқсан айында өндірістік көрсеткіштерді барлық бағыт бойынша артығымен орындаған шиеліліктер ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетті.

Станция басшылығы берген мәліметке сәйкес, Шиелі станциясының ұжымы өткен жылдың желтоқсан айындағы өндірістік көрсеткіштердің жоспарын 106-160 пайыз аралығында орындап, жоспарлы көрсеткіштерді артығымен қамтамасыз еткен. Таратып айтсақ, желтоқсан айында станцияда вагонға жүк тиеу жоспары 106 пайызға орындалып, 400 вагонның орнына 425 вагон жүк тиелді. Жүк айналымы 29 561 тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 126 пайыздық өсімге қол жеткізілді. Бұл – жүк жөнелтушілермен өзара үйлесімді жұмыс пен статикалық жүктеменің тиімді ұйымдастырылуының нәтижесі. Бір вагонға шаққандағы орташа жүктеме 69,6 тонна болып, норматив деңгейінен жоғары көрсеткішке жетті.  

Вагондарды түсіру жұмыстары да жоғары қарқынмен жүргізілді. Жоспарланған 1600 вагонның орнына 1880 вагон қабылданып, өңделді. Бұл жерде станция кезекшісі Алижағыппар Шауенов пен парк кезекшісі Берікбол Құдабаевтардың тәжірибесі, қажет кезде шұғыл шешім қабылдай білетін қарым-қабілетін атап өткен жөн, сонымен қатар маневрлік жұмыс пен парк кезекшілерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесі.

Кірме жолдардағы вагондарды беру және жинау операциялары үздіксіз атқарылып, өндірістік процесте кідірістерге жол берілмеді. Есепті айда 2300-ден астам вагон кірме жолдардан уақытында шығарылып, жүк жөнелтушілер алдындағы міндеттер толық орындалды.  

Станцияның пойыздарды бөлшектеу және құрастыру жұмыстары да бекітілген технологиялық графикке сай жүргізілді. Пойыз құрастырушы Нұрғиса Әтенов пен парк кезекшісі Исламбек Қарамырзаев желтоқсан айында 54 пойызды бөлшектеп, 40 пойызды қайта құрастырып жөнелткен. Сонымен қатар олар транзиттік вагондарды ағыту және тіркеу операцияларын сапалы орындап, пойыз қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ете білген.  

Вагондардың тұрып қалу уақытын қысқарту бағытында атқарылған жұмыстар да өз нәтижесін берді. Бірінші жүк операциясындағы тұрып қалу уақыты жоспардан төмен болып, жалпы жүк вагонының бос тұруы 2,22 сағатты құраған. Бұл – маневрлік диспетчерлер, парк кезекшілері мен пойыз құрастырушыларының нақты үйлестірілген еңбегінің жемісінде қол жеткен жақсы нәтиже. Құжаттарды өңдеу-түзету операторлары Тоғжан Піржанова, Светлана Шалекеева, құжаттарды өңдеу-түзету аға операторы Гүлнар Пауадинова технологиялық талап деңгейінде құжат айналымын дер уақытында реттеп отыруы да ортақ іске өз үлесін қосқан.  

Вагонайналымының көрсеткіші 4012 вагонды құрап, жоспар артығымен орындалған. Жұмысшы паркінің тиімді пайдаланылуы есебінен өндірістік қуат толық іске қосылған.  

– Станцияның желтоқсан айындағы өндірістік көрсеткіштерінің межеден асып орындалуында тәулік бойы үздіксіз еңбек етіп жүрген теміржолшылардың маңдай тері мен табан ақысы жатыр. Станция және парк кезекшілері, пойыз құрастырушылар, құжаттарды өңдеу операторлары – бәрі-бәрі пойыз қозғалысының қауіпсіздігін, жүк тасымалының үздіксіздігін және технологиялық процестердің дәл орындалуын қамтамасыз етуге күш жұмсауы тек желтоқсан емес, жылды да жоғары көрсеткіштермен аяқтауымызға мүмкіндік туғызды. Желтоқсан айы сол жетістікке негіз болды, – дейді станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжапбаров.  

Жалпы, өткен жылы Шиелі станциясы бойынша 6202 вагонға 430 881 тонна жүк тиеліп, 19 751 вагоннан жүк түсірілген. 544 пойыз құрастырылып, оған 24 476 вагон тіркелген.  

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда