Құйрық-бауыр асатудан «тыштыма» жегізуге дейін...

Аймақтар
26.03.2026, 08:52
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы Наруыз мерекесі семейлік теміржолшылар үшін жылдағыдан өзгерек өтті. Басты себеп – «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша «Наурыз мейрамын» мерекелеу концепциясы аясында мейлінше тартымды әрі тағылымды түрде өткізуде. Мәселен, халқымыз үшін қастерлі саналатын Ораза айт мерекесі күнінде бөлімшеде ұлттық салт-дәстүрді ұлықтайтын келелі іс-шара өтті.  

Таңертең ертелеп бөлімшенің кең дәлізінде наурызбен айтқа ортақ ақ дастархан жайылды. Бұл игілікті жайт алдағы жылдары тұрақты дәстүрге айналмақ.

Десек те, осынау күнгі ерекше шара НЖС-6 бөлімшесі мен НОД-ЖТ бөлімдері бірлесіп ұйымдастырған қазақы дәстүрден көріністер болды.  

Құрметті теміржолшы, ақсақал Қырықбай Әлсейітұлы, бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов пен Семей магистральдық желі бөлімшесі директоры Айдын Шәукежанов және «Қазтеміржолкөлік» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұловтар құттықтау лебіздерін білдірді.  

Сөз алған Айдын Мақсұтбекұлы баршаны құттықтай келе, биылғы наурыз мерекесі жергілікті теміржолшылар үшін жағымды жаңалығымен келгенін жеткізді. Жүк тасымалы, қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудағы жетістіктерден бөлек, биыл Семей қаласында теміржолшылар үшін жаңа баспана салынатынын айта келе, жақсы жаңалықтардың көп болуына тілектестік білдіріп өтті.

Осыдан соң арнайы сахналық киімдер тіктіріп, зор даярлықпен келген түрлі бөлімдер мамандарының ұлттық сипаттағы театрландырылған қойылымдарына кезек берілді. Алғашқы болып, көпшілік алдына шыққан НЖС-6 бөлімінің қыз-жігіттері қазақ халқының көнеден жеткен «Шашбау тағу» дәстүрін сахналап берді. Ал, бөлімшенің еңбекті қорғау бөлімі мамандары «Байғазы беру» салтының көпшілік біле бермейтін қыр-сырын ашықтап берді. Ал, бөлімшенің төртінші ғимаратында отыратын кеңсе қызметкерлері бірігіп «Сырға салу» бойынша көрініс көрсетіп, төл дәстүріміздің ұмытылып бара жатқан үлгілерін насихаттады.  

Деседе, Семей вокзалының ұжымы көрсеткен «Қыз ұзату» көрінісі ерекше әсерлі шықты. Бас құда болып құдалар тобын бастап келген бөлімше бастығының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрлан Жақсылықұлы да өз образын шебер сомдап, бұл ұлттық рәсімнен мол тәжірибесі бар екенін көрсетіп берді. Бұл ретте сыңсу айтудан бастап, құдаларға құйрық-бауыр асату, арқан керу, ырым-сырым, өлі-тірі сынды ел шығысына тән салт-жоралғылар қаз-қалпында көрсетілді.

Сол тәрізді НОД-ЖТ бөлімшесінің Жүк тасымалы бөлімі «Құда түсу», техникалық қызмет көсету мамандары «Шілдехана», Әкімшілік-шаруашылық бөлімі «Тұсау кесу», ал Қаржы блогы қызметкерлері ұлтымыздың «Бесікке бөлеу» игілікті дәстүрін тамаша сомдап шықты. Бесіктің әрбір бөлшегін жіліктеп түсіндіріп, үкі мен шүмекті не үшін әрі қалай тағу керектігін де тәптіштеп шыққан теміржолшылар аңтарылып тамашалап тұрған жастар қауымына «тыштыма» жегізіп те жіберді.

– Бұл байқау емес. Салт-дәстүрді ұлықтап, ұлттық құндылықтарды жас буын арасында дәріптеу. Жаһандану заманында бабаларымыздан қалған таным мен мәдениетті қайта жаңғырту аса қажет дүние, – дейді шараның негізгі ұйымдастырушысы «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Асқарұлы.

Айта кетсек, шығыстағы теміржолшылар арасында Наурызнама онкүндігі қызу түрде жалғасын тапты. Спорттық шаралар мен 22 наурыз күні Теміржолшылар алаңында кең көлемде Наурыз думаны ұйымдастырылды.

 

Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды