Асығы алшысынан түсті...

Аймақтар
26.03.2026, 14:05
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар Наурызнама онкүндігі аясындағы іс-шараларды ұлттық ойындармен қорытындылап, асық атудан шеберлік сынасты.

Жалпы, асық ойыны Семей теміржолы бойынша ең жиі өткізілетін ұлттық спорт түріне жатады. Өткен жылы салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен бөлімше біріншілігі ұйымдастырылып, ұлан-асыр жарыс өткен болатын.  

Ал бұл жолғы асық ойынының бәсі бөлектеу болды. Оған тек теміржолшылар ғана емес, вокзалға келген кез келген қала тұрғыны қатысуға мүмкіндік алды.  

Сайысты ұйымдастырушы бөлімшедегі «Локомотив» спорт клубының нұсқаушылары ойын ережесін қысқаша түсіндіріп шықты.  

Айта кетерлігі, сайысқа қатысқандар арасында қолына асықты алғаш ұстағандар да болды. Әсіресе қалалық қыз-келіншектер алғашқыда біршама жүрексінгенімен, кейіннен жанкүйерлердің дем беруімен ойын қызығына еніп кетті. Десек те, сақаны шиіріп ұстап, тізілген асықтарды шеңберден шебер асырған сұр мергендер де табылды. Атап айтсақ, кәсіподақ ұйымының есепшісі Сәуле Асқарова, «Түрксіб-Семей» мұражайының қызметкері Әсем Досанова шебер ойындарымен тәнті етті.  

Ал ерлер арасынан Теміржол колледжінің студенттері ерекше белсенділік танытып, жүзден жүйрік атанды.  

– Асық ойыны соңғы уақытта теміржолшылар арасында кеңінен тарап, дамып келеді. Бұрын тек наурыз мерекесінде ғана ойнасақ, қазіргі уақытта жылдың кез келген мезгілінде сайыс өткізіп жүрміз. Жалпы, «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» бағдарламасына асық спорты да кіретінін ескерсек, бұл ұлттық спорттың елімізде болашағы зор. Ал Аманжол Аусыдықов сынды үздіктеріміз асық ойынынан спорт шеберіне үміткер атануға күш салуда, – дейді салалық кәсіподақ белсендісі Серік Дүйсенбаев.  

Бұл жолғы сайыс мерекелік, ойын-сауықтық сипатта болғандықтан да арнайы орындар берілген жоқ. Тек мергендігімен танылғандардың барлығы кәсіподақ ұйымы тарапынан әзірленген сыйлықтармен марапатталды. Ал асық атудан бөлімше біріншілігі дәл өткен жылдағыдай биыл да жазда өткізілетін болады.  

 

Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды