Ақтөбе станциясында аса қауіпті инфекцияға қарсы оқу-жаттығу өтті

Аймақтар
20.04.2026, 12:14
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында аса қауіпті инфекцияға күдікті бойынша арнайы оқу-жаттығу өтті. Төтенше жағдай туындаған жағдайда тиісті қызметтердің дайындығы тексерілді.

Жаттығу №33 «Алматы-Ақтөбе» жолаушылар пойызының 40 жастағы жолаушысынан қауіпті инфекция белгілері анықталумен басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мал союға қатысып, жарақат алғаннан кейін денсаулығы нашарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен мамандар вагонды санитарлық-карантиндік тұйыққа оқшаулап, айналасына қоршау қойды. Арнайы құрылған консультативтік, эвакуациялық, эпидемиологиялық және дезинфекциялық төрт топ  бірлесе үйлесімді жұмыс жүргізді. Күдікті науқас оқшауланып, облыстық инфекциялық аурулар ауруханасына жеткізілді. Вагондағы байланыста болған жолаушылар медициналық бақылауға алынып, толық дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитарлық-карантиндік оқу-жаттығуды ойдағыдай өткізді.  

«Іс-шара өңірде инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған. Аса қауіпті әрі карантиндік инфекцияға күдікті жағдай анықталған кезде санитарлық-эпидемияға қарсы қызметтердің әрекет ету дайындығы пысықталды. Оқу-жаттығу қорытындысында бақылаушы органдар барлық қызметтердің іс-қимылына жоғары баға берді», – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Сандуғаш Танатар.

Шараға облыстық клиникалық инфекциялық аурулар ауруханасы, жедел медициналық көмек қызметі, обаға қарсы күрес станциясы, ұлттық сараптама орталығы, желілік полиция бөлімі, әскерилендірілген теміржол күзеті және жолаушылар тасымалы саласының өкілдері қатысты.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты