Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты

Аймақтар
12.05.2026, 11:41
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шиелі станциясы – Сыр өңірінің логистикалық картасындағы маңызды түйін. Орынбор – Ташкент магистралінің бойындағы станция арқылы ерсілі-қарсылы өтіп жатқан транзиттік пойыздарда есеп жоқтай. Күндіз-түні қозғалыстағы станция жұмысы айрықша қауіпсіздікті талап етеді.

Шиелі станциясының бастығы Нұрғали Әбжаппаровтың айтуынша, биылғы жылдың алғашқы үш айында Шиелі станциясының өндірістік жұмыс ырғағында ерекше серпін байқалған, көрсеткіштердің жалпы нобайы 112 мен 123 пайыз аралығында орындалып отыр.  Жоспарланған 1075 вагонның орнына 1323 вагон тиеліп, меже 123 пайыз орындалды. Бұл – өткен жылғы 1200 вагондық көрсеткішті артқа тастаған үлкен жетістік. Жүк түсіру жұмыстарында да қалыс жоқ. Жоспардағы 3850 вагонның орнына 4325 вагон қабылданып, жоспар 112 пайызға бағындырылған.

Теміржолшылар үшін әр минут есепте. Бір жүк операциясы кезіндегі вагонның тұрып қалу уақыты 12,31 сағатты құрап, тиімділік деңгейі сақталды. Ал транзиттік вагондардың жылдамдығы жоспардан 105% асып түсіп, шиелілік теміржолшылардың кәсіби шеберлігін көрсеткен.  

– Біздің ұжымда «жақсы» немесе «жаман» маман деген түсінік жоқ. Станция кезекшілерінен бастап пойыз құрастырушылар, вагон қараушылар мен жүк қабылдап-тапсырушыларға дейін бәрі де өз ісінің шеберлері, нағыз майталмандар. Біз алып сағат механизмі секілдіміз, бір тетік тоқтаса, бүкіл жүйе іркіледі. Сондықтан осы үш айдағы толайым табыс – бүкіл ұжымның табысы, – деді станция бастығы.

Алайда, осынау жетістіктер көлеңкесінде жан ауыртар бір мәселе тұр. Станция аумағында жолдарды «ажал соқпағына айналдырған» тұрғындардың темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі тыйылмай отыр. Болат жолдың бойындағы бір сәтсіз қадам – бір өмірдің үзілуі немесе тағдырдың талқаны шығуы. Пойыз – секунд ішінде тоқтай салатын жеңіл көлік емес. Ол тонналармен өлшенетін, өз жолынан ауытқымайтын алып күш. Осы күшті сес көрмейтін жанынан безгендер темір жолдың табанын қанға бөктіруді тоқтатар емес. Ал теміржолшыладың кәсіби міндетіне тағы бір міндет қосылды. Ол – теміржол бойында бей-берекет жүретін, оны кез келген жерден кесіп өтуге ұмтылатын бөгде адамдармен күрес, малды жолдан аластау жұмысы. Тұрғындардың асығыстығы мен немқұрайлығы, құлаққап киген жастардың жауапсыздығы Шиелі станциясының ұжымы үшін бас ауруға айналғалы қашан. Жүк айналымын арттыру үшін тер төгіп жүрген теміржолшылар, өкінішке орай, осындай жауапсыз жандардың   өмірін сақтау үшін жауапкершілік арқалауда.    

 

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды