Сыр өңірінде теміржол инфрақұрылымы жаңарып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Аймақтар
30.06.2026, 09:26
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы жылдары Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Теміржолшылар инфрақұрылымды жаңғырту, еңбекті қорғау, қызметкерлердің тұрмысын жақсарту бағытында орасан жұмыстар атқарды.

Соңғы бірнеше жыл көлемінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Жалағаш, Белкөл және Қазалы станцияларындағы теміржол өткелдері жаңартылып, Қызылорда-Белкөл бекеттері аралығында жаяу жүргіншілерге арналған көпір пайдалануға берілді. Сонымен қатар Арал теңізі – Көнту елді мекені маңында теміржол үстінен өтетін автокөлік көпірі салынып, тұрғындардың қауіпсіз қозғалысына жағдай жасалды.  

Бүгінде Қызылорда қаласындағы Жаңқожа көшесі бағытында теміржол астынан өтетін автокөлік және жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл жоба аяқталған соң қала тұрғындарының қатынауы жеңілдеп қана қоймай, жол-көлік қауіпсіздігі де жаңа деңгейге көтеріледі деп күтілуде.  

Теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсарту мақсатында соңғы бес жыл ішінде бөлімше бойынша ондаған жаңа модульдік ғимараттар орнатылды. Қызылорда мен Қазалы сигнализация және байланыс дистанцияларында 21 заманауи модуль іске қосылса, соңғы екі жылда Қызылорда, Қазалы және Сексеуіл жол дистанцияларына тағы 18 жаңа модуль пайдалануға берілді. Алыс бекеттер мен разъездерде еңбек еттін теміржолшылар үшін бұл ғимараттар қолайлы еңбек жағдайын қалыптастырды.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті