Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр

Аймақтар
23.07.2026, 09:29
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар қаласында жаңа өнер мектебінің құрылысы аяқталуға жақын. Жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және Wabtec корпорациясының стратегиялық серіктестігі нәтижесінде салынып жатыр.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев теміржолшылармен бірге Шалқарды аралады. Вокзалды реконструкциялау жұмысымен танысып, теміржолшылардың қолдауымен салынып жатқан өнер мектебінің құрылысымен танысты.  

Бүгінде Шалқар қаласында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жауапты мекемелер атқарылып жатқан жұмыстар мен нысандардың дайындық деңгейі туралы баяндады.

Теміржолшылардың әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асып жатқан өнер мектебі балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға бағытталғаны айтылды. Құрылыс алаңында 50-ден астам маман мен 25 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде. Қарқынды кезеңде жұмысшылар саны 150 адамға дейін артады. Жоба - теміржолшылардың өңірдің әлеуметтік дамуына қосқан маңызды үлесінің бірі.  

«Жаңа өнер мектебі пайдалануға берілген соң 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Шалқар теміржол торабы қызметкерлерінің балалары мен аудан жастарына шығармашылық білім алуға қолайлы жағдай жасалады»,- деді А. Есенбаев.  

Асылбек Есенбаев құрылыс жұмыстарының сапасына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беруге ерекше назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ жауапты ұйымдарға барлық жұмысты бекітілген кестеге сәйкес сапалы әрі уақытылы аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды