Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды

Аймақтар
04.08.2026, 11:06
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, теміржол вокзалдарын қайта жаңарту барысымен танысты. Теміржолшылар мерекесі қарсаңында бір ғасырдан аса тарихы бар Шалқар және Шұбарқұдық теміржол вокзалдары күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.

Жаңғыртылған қос вокзал да ғасырлық тарихына сай архитектуралық ерекшеліктерін сақтай отырып, жаңа талаптарға сай қызмет көрсететін заманауи инфрақұрылымға айналды. Тағы бес нысанда жаңарту жалғасуда.  

Өңірдегі ең көне теміржол нысандарының бірі, 1909 жылы салынған Шалқар вокзалы ұзақ жылдардан кейін толық жаңартылды. Күрделі жөндеу барысында ғимараттың аумағы екі есеге жуық ұлғайып, 833,6 шаршы метрге жетті. Заманауи күту залдары, ана мен бала бөлмесі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы жағдайлар жасалып, инженерлік жүйелер толық ауыстырылды.  

Сол күні Темір ауданындағы 1912 жылы іргесі қаланған Шұбарқұдық теміржол вокзалы да қайта пайдалануға берілді. Жаңғырту нәтижесінде ғимараттың жалпы ауданы 111 шаршы метрден 207 шаршы метрге дейін кеңейтілген. Вокзалдың қасбеті мен шатыры жөнделіп, инженерлік желілер толық ауыстырылды. Жаңартылған билет кассалары, кең күту залы, санитарлық тораптар, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы бөлмелер мен қызметтік кабинеттер пайдалануға берілді.  

Басқарма төрағасы орынбасарының жұмыс сапарына әкімдік пен жоба өкілдері және ҚТЖ өңірлік филиалдарының басшылары қатысты. Олар Ақтөбе, Алға, Қандыағаш станцияларындағы вокзалдарды және басқа да нысандарды аралап көрді. 1976 жылы салынған Ақтөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту соңғы сатысында тұр. Вокзал тәулігіне 5 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Мұнда іргетасын қалау, ғимарат жақтауын салу, шатыр мен қасбетті орнату жұмыстары аяқталды. Ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді монтаждау, желдету және ауаны баптау, перрон орнату және аумақты абаттандыру жалғасуда.  

Қандыағаш станциясы 1984 жылы салынған, жолаушылар ағыны тәулігіне 610 адамды құрайды. Мұнда шатырды орнату жұмыстары аяқталып, қасбетті салу, ішкі әрлеу және инженерлік желілерді орнату жалғасуда. Мердігер ұйымға құрылыс-монтаж жұмыстарының іргесі 1905 жылы қаланған, жолаушылар ағыны – тәулігіне 329 адам. Алға вокзалы 1935 жылы салынған, жолаушылар ағыны – тәулігіне 90 адам және 2012 жылы ғана салынған Қарауылкелді вокзалының жолаушылар ағыны тәулігіне 85 адамды құрайды. Бұл вокзалдарда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Мердігер ұйымдарға мерзімдердің бұзылуына жол бермеу мақсатында жұмысшылар санын көбейту, екі ауысым режимін ұйымдастыру және құрылыс қарқынын жеделдету тапсырылды.  

Бүгінгі таңда жалпы еліміз бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 70 теміржол вокзалында аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және облыс әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өз қаражаты есебінен орындалуда.  

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді