Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
26.09.2026, 14:29
Оқуға 1 мин

Ұлытау облысында,   Жезқазғанда 1941 жылы салынған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Жаңартудан кейін вокзал алаңы төрт еседен астамға – 582-ден 2540 шаршы метрге дейін өсті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ғимаратта жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалып, инфрақұрылым жаңартылды.

Қайта құру барысында жаңа тірек қаңқасы, қабырғалар мен төбелер тұрғызылып, шатыр толығымен жаңартылды. Инженерлік желілер ауыстырылып, жаңа терезелер мен витраждар орнатылды, қасбеті мен ішкі үй-жайлар жаңартылды. Ғимаратта заманауи жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау және байланыс жүйелері қарастырылған.

Жолаушылар үшін күту залдары мен қоғамдық аймақтар жаңартылды.  Іргелес аумақ абаттандырылып, төсеніштер төселді, шатыр мен жолаушылар перроны жаңартылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жаңа жиһаз, қажетті жабдық, қоршаулар және қосымша эвакуациялық шығулар орнатылды.

Қайта құрудан кейін вокзал бір уақытта 441 адамға дейін қызмет көрсете алады. Станцияның орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 1 907 адамды құрайды.

Жезқазған станциясы арқылы қаланы Алматы, Астана, Павлодар, Қызылорда және Қарағандымен байланыстыратын 12 пойыз өтеді.

Қайта құру Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.

Жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі, Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды