Маңғыстауда көктемгі комиссиялық байқау Болашақ станциясынан басталды

Аймақтар
08.04.2019, 22:19

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде көктемгі комиссиялық байқау 3 сәуірде бөлімше шекарасындағы Болашақ станциясынан басталды. 

Ұлттық компания мен оның еншілес ұйымдарының филиалдары бойынша барлық шаруашылықтарына тексеру жүргізетін комиссия құрамы да бекітілді. Бөлімше директорының орынбасары Ерлан Бүркітовтің айтуынша, биыл тексеруді магистральдық желі бөлімшесімен қауіпсіздік ревизорларының қатысуымен бөлімше директорының бірінші орынбасарының төрағалығымен өткізу жоспарлануда.

– Дәстүрлі байқау барысында жол мен жасанды құрылыстар, ғимараттар жағдайы, магистральдық инфрақұрылымның өзге де нысандарының, темір жол өткелдерінің жай-күйі мен өрт қауіпсіздігі жағдайы, габариттік нормаға сай болуы тексерілмек. Бұдан бөлек тауарлық-материалдық құндылықтардың қоймаларда сақталуы, өрт күзет дабылдарының жұмысы, су және жылумен қамту нысандарының техникалық жағдайы, кәсіпорындардың материалдармен, қосалқы бөлшектермен, жабдықтармен, жанаржағар маймен қамтамасыз етілуі қаралмақ. Жылжымалы құрамдардың ағымдағы жағдайы мен күтімі де назардан тыс қалмақ емес, – дейді Ерлан Бүркітов.

Оның айтуынша, байқау барысында еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік жарақат алушылыққа жол бермеу, сырқаттанудың алдын алу мәселелеріне, техникалық оқытуды ұйымдастырушылардың жұмысшыларды кәсіби дайындау деңгейіне айрықша басымдық берілмек.

Темір жолдағы қызмет ережелерінің сақталуы мен оны еңбеккерлердің білуі де ескерілмек. Міне, осындай қатаң тәртіпті талап етуге құрылған байқау комиссиясы алдымен мемлекетаралық шекаралық түйісу нүктесі Болашаққа табан тіреді. Мұнда олар барлық темір жол инфрақұрылымы нысандарын аралап шықты. Атап айтқанда, жол дистанциясының желілік-өндірістік телімдері, байланыс және сигнализация саласы, су айдайтын станциясы, қазандық, вагон депосының техникалық қызмет көрсету қосыны, вокзал, локомотив бригадасының демалыс үйі, электрмен жабдықтау дистанциясының шеберханасы, СЦБ релелік ғимараты, байланыс және сигнализация дистанциясының желілік аппарат залы, электрлік орталықтандыру қосыны, әкімшілік-тұрмыстық корпусы қаралды. Байқау комиссиясы мұнайлы түбектің 72 станция бекетін араламақ.

Ұлан ОРАЗ

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті