Ақтөбенің теміржолшылар «Денсаулық күніне» қатысты

Аймақтар
08.04.2019, 22:35

Ақтөбе ЖТ бөлімшесінде «Денсаулық күні» ұйымдастырылды. Акцияны өткізуге кәсіподақ ұйымы бастама көтерген болатын. 

«Медикер» медицина орталығының мамандары қан тапсыруға келіскен еріктілердің алдымен денсаулығын тексерді. 

Теміржолшылардың артериальдық қан қысымы, қан құрамындағы қант мөлшері тексеріліп, дәрігерлік кеңес берілді. «Бүгінгі «Денсаулық күні» акциясы аясында 250 теміржолшы қан тапсырды. Бұл үлкен қайырымдылыққа негізделген қоғамдық шара деп айтуға болады», – дейді Ақтөбе жүк тасымалы мекемесінің кәсіподақ төрағасы Самат Ұлмағамбетов. 

Дәрігерлер теміржолшыларға қан тапсырудың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндірді. Қан берген адамның ағзасы тазарып, қысымы реттеледі. 

Сондықтан дәрігерлер жылына кем дегенде үш рет донор болуға кеңес берді.

«Бүгін мен де қан тапсырдым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Мұндай шараға қатысуым бірінші рет емес. Жылда үлесімді қосуға тырысамын. Өзім теміржол саласында 1995 жылдан жұмыс жасаймын. Техникалық бөлімде станциялардың құжаттарын пысықтаумен айналысамын», – дейді теміржолшы Қоблан Бектұрғанов. 

Донор болу акциясынан кейін теміржолшы жастар «Никотинге – витамин» шарасын ұйымдастырды.

Әріптестеріне шылымның орнына жеміс ұсынылды. Сонымен қатар теміржолшылар жаттығу жасап, денсаулық акциясынан көңілді тарасты. 

Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті