Өткелдер тексеру айлығы жалғасуда

Аймақтар
09.04.2019, 20:42

Наурыздың 26-сы мен сәуірдің 26-сы аралығында өтіп жатқан «Абайла, өткел!» айлығына Ірілендірілген Астана жол дистанциясының мамандары бір кісідей атсалысуда.

– Темір жол өткелі – бір деңгейде орналасқан темір жол және автомобиль жолдарының қиылысқан жеріндегі қауіптілігі басым нысан. Ол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік құралдары мен пойыздардың өту жағдайын жақсартатын қажетті құрылғылармен жабдықталады. Соған қарамастан соңғы кезде ел ішінде өткелдерде азаймай тұрған апаттарға байланысты біз компания басшылығы тарапынан түскен бұйрықпен өткелдерді қатаң тексеруге алуды тоқтатпаймыз, – дейді өткен аптада айлық бойынша тексеру жұмысына қатысқан дистанцияның өндірістіктехникалық бөлімінің жетекші инженері Айгүл Төрежанова.

Оның айтуынша, өткел кезекшілері профилактикалық жұмысты ұдайы жүргізеді. Айлық аясында өткелдер нұсқаулығы талаптарына сай тексеру жасалады. Соның нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша жауапты адамдарды бекітіп, олқылықты жоюдың күнтізбелік жоспары, жұмыс көлемі анықталатын акт толтырылады. Автоматтандырылған өрт белгі беру жабдығы жоқ өткелдерде механикаландырылған шлагбаумның жарамдылығына үнемі бақылау қойылады. Теміржолшылар өткелдердің техникалық жарамды жағдайын, белгілер мен бағдаршамдардың дұрыс көрінуін қамтамасыз етіп, жолға кедергі келтіретін ағаштар мен бұталар кесіледі. Ай сайын халық арасында және ұйымдарда темір жол өткелінен өту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу туралы ауылдық және аудандық әкімдіктерге ақпараттық хаттар жолданады. Сондай-ақ айына құқыққорғау органдарына автокөлік құралдары жүргізушілерінің өткелді дұрыс кесіп өтпеуі жағдайына орай мәліметтер жіберіледі. Жол жүру ережелері бұзылуына орай телеарналарда бейнероликтер көрсетіліп, жергілікті газеттерде олардың бұзылу себептері мен салдары туралы мақалалар беру үшін жол полициясы, жол дистанциясы басшылығының қатысуымен бірлескен шаралар өткізіледі. Өткел кезекшісінің қызметтік міндеттемелері мен 2013 жылғы 16 желтоқсандағы №1627ЦЗ нұсқаулығы талаптарын сақтау мақсатында күзетілетін өткелдер тосыннан және түнгі уақытта тексеруге алынады.

Мамандардың айтуынша, өткелдерде ескерту, хабарлаушы, өткелдік сигнализациялар болады. Біріншісі, пойыздар мен маневрлік құрамға арналған. Ол өткел кезекшісі басқаратын және өткел алдына қойылатын ескерту бағдаршамдары. Екіншісі арқылы кезекші пойыздың өткелге жақындап қалғанын оптикалық және акустикалық белгілер арқылы біледі. Ал өткелдік сигнализация көлік құралдарына арналған бағдаршам және жаяу жүргіншілерге арналған дыбыстық сигнализациядан және электрлі рельс тізбектері аппаратурасынан тұрады.

Райхан РАХМЕТОВА

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті