Қызылордада машинистер жағдайымен танысты

Аймақтар
09.04.2019, 20:55

 Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Қызылорда локомотив пайдалану депосында еңбек ететін 800ден астам теміржолшының 73 пайызын машинистер мен олардың көмекшілері құрайды.

Осы локомотившілердің, әсіресе күн-түн қатып жолда жүретін локомотив бригадаларының хал-ахуалымен танысқан билік партиясының «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева кездесу барысында бірінші кезекте әртүрлі жағдайда өндірістік жарақат алып, мүгедектікке шықса да жұмысын жалғастырып отырған мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік қорғалуларын (депо бойынша жеті адам) көріп, оларға кедергісіз орта үшін қандай қажетті жағдайлар жасалуын тапсырды. Одан әрі депода жұмыс жасайтындардың дені машинистер болғасын, осы маман иелерінің ішінен көп балалы отбасыларды қолдау жайы, сонымен қатар мұқтаж отбасылар мен қауіп қатерге тап болған жандарға депо басшылықтары, кәсіподақ тарапынан әлеуметтік көмектердің берілу жайы да назардан тыс қалмады. Машинистердің кезекті сапарға шыққанда пайдаланатын асхана бөлмесінің жағдайымен танысты. Кезекті сапардан келген машинистермен кездесіп, елдегі саяси өзгерістер мен партияның жаңа бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы, төрт әлеуметтік жоба бойынша ойларымен бөлісті. Кездесу соңында теміржолшыларда өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде сауалдарына жауап алды.

«Бүгін партия өкілдері келіп жұмыс жағдайымызбен танысып, партия съезінде берілген , әл-аухаты төмен отбасыларды қолдау туралы тапсырмаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өзімнен бастап депода әр түрлі топ мүгедектігімен жұмыс жасап жүрген жеті әріптесіме депо басшылығы тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Осы локомотив депосында 42 жылдан астам жұмыс жасаймын. Жұмыс барысында өндірістік жарақат алып, 2-ші топ мүгедекке шыққаннан кейін түрлі жоспарлаушы,шақырушы қызметтерін атқарып келдім, қазіргі таңда локомотив бригадаларының резер бастығы қызметін атқарамын. Тағдырдың жазумен жетім қалған, бір ата-анадан туылған 6 баланы өз балаларымен қосып тәрбиелеп отырған жайым да бар», – дейді Болат Қалмаханов.

Азамат ҚҰЛЫМБЕТ

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті