Атырауда үш мекеме ұздік шықты

Аймақтар
04.06.2019, 14:44
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Атырау өңірінде наурыздың 26-нан 8-мамыр аралығында көктемгі комиссиялық байқау жүргізілген болатын. Тексеру барысында көптеген кемшіліктердің анықталуымен қатар, үлгілі еңбек еткен ұжымдар да іріктелді.

Олар – вокзал ғимаратын барлық талаптарға сәйкестендіріп, жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсеткен Сағыз және Құлсары вокзалдары, сондайақ, байланыс құрылғыларының қалтқысыз қызметін қамтамасыз еткен Атырау белгі беру және байланыс дистанциясы. Соған сәйкес, Сағыз станциясының аға кезекшісі Эльмира Қайдабаева, Құлсары вокзалының бастығы Беркін Зинелов, Атырау белгі беру және байланыс дистанциясының директоры Хамидолла Әйтімовқа Атырау магистральдық желі басшылығы атынан Алғыс хат табыс етілді.

Бұл мекемелер туралы айта кетсек, 30 орындық Сағыз вокзалы 1942 жылы салынған. Станциядан тәулігіне 20 жүк пойызы және 10 жолаушы пойызы өтеді. Сағыз станциясы Мақаттан 140, Атырау қаласынан 300 шақырым жерде орналасқан. Атырау – Қандыағаш темір жолының құрылысы 1936 жылы басталып, оның Атырау – Сағыз бөлігі 1942 жылы толықтай және тұрақты пайдалануға берілген-ді. Сол кезден бері ауданға келетін жүктің 80 пайызы темір жол арқылы Сағыз бекетінен тасымалданады. Жылдан-жылға жолаушылар тасымалы көлемі де артып келеді, орташа тәулікте 833 вагон қабылданып, 4 айда 14000 жолаушы тасымалданған. Бұл ҚТЖ-ға қарасты кассалардағы сатылған билет саны, ал одан бөлек жеке кассаларды қосқанда жолаушы саны әлдеқайда артқаны білінеді. Тұрғындар көптен жаңа вокзал салуды сұрап жүр. Бүгінде елдің ол тілегі де мақұлданып, Сағызда жаңа вокзалдың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда.

1966 жылы салынған 50 орындық Құлсары вокзалының тозығы жетіп, аудан халқының санымен салыстырғанда тарлық етсе де, жұмыс жасап тұр. Жергілікті тұрғындардың, жолаушылардың жаңа вокзал салу жөніндегі өтінішіне сай бүгінде осы мәселе шешімін тауып, 500 орындық жаңа вокзалдың іргесі қалануда. Жаңа вокзал бір мезгілде 200 жолаушыны қабылдап, лайықты қызмет көрсетуді көздеп отыр. Ал, Атырау – Ганюшкино телімін қамтитын Атырау белгі беру және байланыс дистанциясы өз учаскесінде 15 станция, 10 өткел және 5 диспетчерлік айналымға қызмет көрсетеді. Өткен жылғы жұмыстар нәтижесінде дистанция салалық жарыста жақсы нәтиже көрсетіп, 3-ші орынды иеленді. Еңбек қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жарақат алу, рационализаторлық қызметті жандандыру бойынша да дистанция жақсы көрсеткіштерге жеткен. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды