Теміржолшыны қыста сына...

Аймақтар
23.12.2019, 15:41
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежановтың төрағалығымен жиын өтіп, оған желі бойындағы барлық мекеме басшылары, бөлімдер жетекшілері мен жетекші инженерлер қатысты. Күн тәртібінде бөлімшеге қарасты шаруашылық құрылымдарының атқарған жұмыстары қорытындыланып, қысқа даярлық шаралары және алдағы жоспарлар талқыланды.

Айта кетер жайт, магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов төрағалық еткен арнайы штаб мүшелері қысқа әзірлік мақсатындағы шараларды жуырда толық аяқтап бітірді. Осы орайда көпшілік алдында мекемелер басшылары сөз алып, баяндама жасады. Мәселен, ШЧ-29 мекемесінің басшысы Бейбіт Түменғалидың айтуынша, бірінші кезекте қызметтік-техникалық нысандар жұмысына баса мән беріліпті. Соның ішінде жаңадан төрт модуль салынған. Түрксіб дәуірінде салынған құрылғылар ауыстырылуда. Бұл ретте арнайы құрылғылардың қажеттілігі туындауда. Басты жетістік – қауіпсіздік мәселесі бойынша кілтипан орын алмаған. Дәл қазіргі күні де өзекті проблема жоқ. Сол тәрізді Аягөздегі ШЧ-30 басшысы Айдос Жұлдызбаев та баяндама жасап, жыл үлесіндегі жетістіктер қатарына тоқталды. Есепті мерзім ішінде ақаулықтарға жол берілмегенін жеткізген аягөздік басшы жоспарлы шаралардың толығымен орындалғанын айтып өтті. Техникалық құрылғыларды жаңалау мақсатында жүргізілген жұмыстар алғашқы қар түскенге дейін толық аяқталды. Мұнымен қоса, Ақтоғай, Аягөз және Шар станцияларында заманауи сандық қондырғылармен бірге МС-04DSL мультиплексорлары да жаңадан орнатылған.

Келесі кезекте сөз алған жол шаруашылығының мамандары атқарылған жұмыстар қатарына тоқталып өтіп, кемшіліктерді де жасырмады. Бүгінде НЖС-6-ға қарасты 230-дан аса ғимарат пен нысан толық даярланған қалпымен қысқа кірді. Яғни, орындалу деңгейі 100 пайызды құрайды. Аталмыш бағытта әсіресе жол шаруашылығындағы нысандар талапқа сай етілген. Мәселен, Семей жол дистанциясына қарасты 39 нысан жаздың өзінде-ақ толық жөндеуден өткізіліп, керек-жарақпен мезгілінде қамтылды. Теміржолшылардың жылынатын үйшіктері де қайта жаңартылған. Сол тәрізді жұмыстар Аягөздегі ПЧ-42, Жаңа-Семейдегі ПЧ-40 бойынша да уақытында іске асырылған. Сондай-ақ, мұндай жұмыстар вокзал шаруашылығы бойынша да тыңғылықты жүзеге асырылып, орындалу деңгейі желтоқсан айының алғашқы жұлдызына 100 пайызды құрапты. Сонымен қатар, НЖС-6 бөлімшесі бойынша жылу қазандықтарының жұмыстары да қанағаттанарлық деңгейде. Бұл ретте бөлімшеге тиесілі Шаған, Семей, Серебрянкадағы жылу беру орындары қазіргі таңда қалыпты жұмыс істеп тұр. Техникалық көмірдің мол қоры жасақталған. Отыннан тапшылық жоқ. Алда аязды күндер келе жатыр, алайда төмен температура айлап қысқанның өзінде де қатты отын қоры толығымен жетеді деп межеленуде. Мұнымен қоса, табиғаттың қытымыр мінезіне төтеп беріп жұмыс жүргізулері үшін жолшылардың қажеттілігі түгенделіп, техникалық жабдықтар жаңаланды.

Атап айтсақ, бағыттамалы бұрмаларды қар мен мұздан тазалау үшін қолданылатын үрлегіш-пневмообдувкалар толық жұмыс жасап тұр. Осы жұмыстар аясында жол дистанцияларына қарасты компрессор станциялары толығымен жөндеуден, қайта жабдықталудан өтіп, жолшылар игілігі үшін қызмет көрсетуде. Бұл жұмыстың өзіне тән жауапкершілігі бар. Сол себепті мамандардың барлығы да кезегімен арнайы оқу курсынан өтіп, кәсіби біліктіліктерін шыңдап қайтыпты. Мұнымен қатар, жұмысшылардың барлығы жуырда ғана қатаң түрдегі аттестациялаудан өтіп, қысқы мезгілде жұмыс істеу талап-тәртібін толығымен меңгергендіктерін дәлелдеді. Қыс мезгілі сынаққа толы Семей өңірінде жолшылар үшін жол техникаларының қажеттілігі орасан. Осынау орайда теміржолмен жүретін машиналардың жай-күйі және қысқа әзірленуі жайлы сөз еткен бірқатар мекемелер басшылары бұл ретте әлі де болса қажеттіліктер бар екенін жеткізді.

– Біздің қызметте «Теміржолшыны қыста сына!» деген нақыл бар. Нағыз кәсіби мамандар үшін сыналатын да, шыңдалатын да кезең қысқы мезгіл. Сондықтан да, қызметкерлер үшін мейлінше қолайлы жағдай жасалды. Әсіресе, қысты алғаш қарсы алатын жас мамандар үшін ерекше көңіл бөлініп отыр. Олардың жанына тәжірибелі мамандар бекітілген. Сондайақ, арнайы оқу-жаттығудан да өтті, – дейді бұл ретте НЖС-6 бойынша жол бөлімінің бастығы Қайыргелді Ахметжанов.

Жиын барысын қорытындылаған бөлімше басшылары айтылған кемшіліктер мен өтініштер алдағы уақыттарда толығымен шешімін табатынын жеткізді.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды