Жыл қорытындысы жасалды

Аймақтар
13.01.2020, 21:03
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі өткен жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап отыр. Бөлімше директорының орынбасары Ерлан Бүркітовтың айтуынша, негізгі көрсеткіштер бойынша жұмыстар оң бағаға ие.

Атап айтқанда, эксплуатациялық көрсеткіш жөнінен олар ұлттық компанияның директорлар кеңесі бекіткен 16 жоспардың 11-ін толық орындаған. Жолаушылар пойызының келу және жөнелту кестесі сәйкесінше, 3,9 және 2,2 пайызға жақсартылған. Сол сияқты жүк пойыздарының да кестесінде оң өзгерістер бар, пойыздардың рейстік және нұсқалық қозғалыс кестесі 70 пайызға орындалып, локомотив бригадаларының үздіксіз жұмыс тәртібін бұзуға жол берілмеген. Н-0888 деңгейіндегі жоғары габаритті жүк жөнелту ұйымдастырылып, сондай ауқымды жүк тиелген 30 пойыз түбек теміржолы аумағынан өткізілген.

– Телім бойынша жоғары габаритті жүк пойыздарын жөнелту – оңай шаруа емес. Ол үшін өз теліміңнің ой-қыры мен барлық ерекшеліктерін жатқа білу керек. Сонымен бірге осындай қарбалас сәтте жұмыс істеу шеберлігіне машық қажет. Аталған көлемді жүктер кетіп бара жатқан жолда тек сол жүктердің қауіпсіздігі мен сақталуын ғана емес, басқа да жүк және жолаушылар пойыздарының амандығын қамтамасыз ету – міндет.


Сондықтан осы практикалық емтиханды біздің теміржолшылар өте жақсы бағаға тапсырды десек болады, бұл үшін оларға тек қана алғыс! – дейді Е.Бүркітов. Сонымен қатар түбек теміржолында 88 контейнерлік пойызды өткізу ұйымдастырылған, оның 7-еуі Ақтау порты станциясынан Алтынкөлге бағыт алыпты. Әдетте негізгі бағдар, керісінше, Алтынкөлден Ақтау портына қарай жол салатын.

Контейнерлік пойыздардың бағдарлық қозғалыс жылдамдығы 11 пайызға арттырылған. Бір айта кетерлігі, бұл нәтижеге қол жеткізу диспетчерлік аппарат тарапынан жолдағы техникалық аялдауларды қысқарту және осындай контейнерлік пойыздардың басқа жүк пойыздарымен қиылысатын бекеттерде аялдауын болдырмау арқылы реттеу шараларын жақсарту арқасында мүмкін болды.

Ал технологиялық толаскездер кезінде телімдік және техникалық жылдамдықты қамтамасыз ету – бұл диспетчерлер, локомотив бригадалары және станция кезекшілерінің жұмысының ең биік жеңісі деп саналады. Маңғыстаулық теміржолшылар осы белесті бағындырып отыр. Жөндеу жұмыстарына келсек, былтыр жалпы көлемі 71,3 км жерді қамтитын 4 перегонда 56 км жолға күрделі жөндеу, 15,3 км жерге күшейтілген орташа жөндеу жүргізілген екен.

Жыл қорытындысы Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің дамуы жолында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар теміржолшылардың Құрмет грамотасымен марапатталуына ұласты. Мұндай сый-құрметке ие болған теміржолшылар темір жолдың түрлі тармағында, магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелерде, жолаушылар тасымалы саласында, басқа да бағыттарда, бірақ бәрі де біртұтас Маңғыстау теміржолының табысы үшін тер төгіп жүрген жандар. Олардың қатарында: Тимур Разов, Гүлшат Самиева, Шамшадин Нұрмағанбет, Қайырхан Таласов, Амандәулет Жаңабергенов, Берікбай Айтыманов, Жарылғап Дүйсенбай, Қуаныш Уришев, Батырбек Чилимбаев, Жақсат Бакешов, Нұрболат Шалғабай, Нұрлыбай Жұмашов, Берік Шүкірәлиев, Кенғали Асқанбаев, Сәкен Рабаев, Бақыбай Исатаев, Амантай Нұрсапин, Мадина Асқанбаева, Айдын Елбаева, Берік Имашев, Сара Жүсіпова, Айбек Утеков, Маржангүл Аязбаева, Самат Сариев, Мақсат Нұрбеков, Сұлтанмұрат Тұрғанбаев, Ерлан Нұрмолда, Батырбек Тұржанов, Ерлан Құрманов сынды азаматтар мен азаматшалар бар. Бөлімше директоры Нәжімеден Ғұбашов олардың еңбектеріне алғыс айтып, Құрмет грамотасын табыстады. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды