Ақтөбе станциясында рейд өтті

Аймақтар
28.02.2020, 10:18
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында қауіпсіздік шарасын күшейтуге байланысты рейд өтті. Жолаушылардың белгіленбеген жерден өтуіне қатысты өткен шара станциялықтар мен желілік полицияның бірлесуімен биылғы жылға бекітілген жоспарға сай ұйымдастырылды.

«Әр адам жеке басының қауіпсіздігіне мұқият қараса, жазатайым оқиғалардың алдын алуға болады. Бірақ, пендешілік танытып, «асығып тұрмын» деген сылтаумен жіберілген бүгінгі қателік ертең әдетке айналады. Ал, «ауру қалса да, әдет қалмайды» дегенді ескерсек, бұл өте қауіпті болмақ. Ол әдетті өзімізге ғана сіңіріп қоймай, балаларымызға үйретеміз.

Бізден көргенін істеп, олар да жолды айналып өтуге ерініп кесіп өтуді әдетке айналдырады. Бір күн болмаса бір күн қырағылығыңды жоғалтып, пойыздың астына түсіп қалу қаупі өте зор. Жұмысыңды тәмамдап, үйіңе беттеген тұстан бастап, құрметті теміржолшы, сен де бөгде адамның қатарына жататыныңды ұмытпа. Жұмыс барысында қырағылық танытып, сақ болып үйренген сіздің де қызметтен тыс уақытта зейініңіз қауіпті аймақтан аман-сау өтуіңізге кепіл бола алмауы мүмкін. Сол себепті де, теміржол аумағын тек қана белгіленген жерлермен өтуге шақырамыз», – дейді Ақтөбе станция басшысының орынбасары Асан Жұмағұлов көпшілікке қарата.

Теміржолдың тыйым салынған аумағынан өтпекші болған бөгде жандарға сақтық шаралары тағы да ескертілді. Теміржолшылардың сараптауынша, жол-көлік оқиғаларының тең жартысы пойыздың жақындап қалғанын ескермей, жолдан өтуге асығатындар арасында тіркеледі.

Жолдан кесіп өтуді әдетке айналдырған адам-дармен жеке дара сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген рейдке шыққандар сақтық шаралары үшін бұрын болған жазатайым оқиғалардан мысал келтіріп, оларды жаман әдеттен арылып, теміржолды тек белгіленген жерден кесіп өтуді қағидаға айналдыруға шақырды.    

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды