Машинист пен көмекшісі үлкен апаттың алдын алды

Аймақтар
03.03.2020, 13:13
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Машинист пен көмекшісі жол қауіпсіздігін қадағалаумен тәуліктің кез келген сәтінде сергек жүруі – басты талап. Жуырда атыраулық машинистер дәл осы қырағылықтарының арқасында үлкен апаттың алдын алды.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің қауіпсіздік инженері Қазжанова Фариданың айтуынша, оқиға былай өрбіген. Атыраудан Ганюшкино станциясына бағыт алған мұнай өнімдері тиелген №3201 жүк пойызы (тепловоз 2ТЭ10МК-0097 Атырау ТЧЭ-3) Аққыстау станциясынан асып, №14 разъезд жолында жүйткіп кетіп бара жатады. Уақыт түнгі 23:30 сағатты көрсетіп тұрған. Машинист Р.Сағынбаев әдеттегідей бүйір терезеден жылжымалы құрамның жағдайын бір байқап қою үшін артқа қараған, әлден уақытта тағы қараған. Кенет, бір вагонның доңғалағының ұшқындап келе жатқанын көзі шалды.

Анықтап тағы қарады, күмән жоқ. Сол сәтте пойызды дереу тоқтатып, жағдайды пойыз диспетчері мен станция кезекшісіне хабарлайды. Тоқтаған соң, басынан санағанда 12-ші вагонның бір доңғалағы әбден қызып кеткені байқалады.

Содан пойыз бос жолға шығарылып, оқиға орнына жедел жеткен вагон қараушылармен егжей-тегжейлі тексеріліп, доңғалақтың ақауы анықталады. Дереу ол вагонды құрамнан ағытып алып, пойыз әрі қарай маршрутын жалғастырады.

Әрі қарай 73 вагон-цистерна мұнай өнімдері тиелген пойыз діттеген жеріне аман жеткізіледі. Бұл жайт басшылық назарынан тыс қалмай, оқиға егжей-тегжей тексеріліп, машинист пен оның көмекшісі қырағылық танытып, болуы әбден мүмкін үлкен апат пен зор шығынның алдын алғаны расталады. Басшылық тарапынан оларды марапатқа ұсыну жөнінде шешім шығарылды.

 – Ринат Сағынбаев еңбек жолын депода жөндеу слесары болып бастады, кейін машинист көмекшісі болды. Соңғы он жылда машинист болып жұмыс жасайды. Жангелді Шайхмеденов 2012 жылдан бері машинист көмекшісі. Екеуі де жұмысына жауапты қарайды. Техникалық сабақтардан қалмайды, үнемі білімін жетілдіруге талпынып тұрады, көп ізденеді. Соның арқасында қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, апатты болдырмаудың қамын жасады. Ол жігіттерге жауапкершілігі үшін алғысымызды білдіреміз, Жарайсыңдар, жігіттер! – дейді локомотив бригадасының машинистнұсқаушысы Дәулет Сүлейменов.

Бұл жерде, әрине, машинистнұсқаушылардың да еңбегі зор екені айтпасақ та белгілі. Мезгілінде техникалық сабақтар өткізіп, апатты оқиғаларды баяндап, рейске шығар алдында сауатты нұсқаулық беріп отырған жерде жауапкершілік те арта түседі. Түн қойнауында кетіп бара жатқан ұзына ұзақ құрамның бір доңғалағындағы ақауды қалай байқадыңыз деген сауалымызға машинист пен көмекшісі былай жауап берді.

– Адамда ішкі түйсік деген болады ғой. Бірдеңе сезгендей қайтақайта қарайлаумен болып едік. Алыстан шоқ шашырағандай болып көрінген вагон доңғалағы пойызды тоқтатып, жанына жүгіріп келгенімізде қып-қызыл болып қызып кеткен екен. Нұсқаулық бойынша дереу шара қолдандық, – деді Ганюшкино айналым депосының машинисі Р.Сағынбаев. – Оқиға орнына келгенімізде 12-ші вагонның екінші жұп доңғалағаның буксы қызып, қақағы ісініп кеткен, бұрандалары жұлынып, енді болмаса доңғалақ ағытылып кетейін деп тұр екен. Енді шамалы жүргенде вагон аударылып, үлкен апат орын алатын еді. Сондықтан ақаулы вагонды ағытып алып қалдық. Қалған вагондар Ганюшкино станциясына аман-есен жетті, – дейді оқиғаға куә болған вагон қарап-жөндеушілер А.Хайрушев мен Е.Исмуханов. 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады