4 жүк вагонының ақаулы екенін анықтады

Аймақтар
06.03.2020, 11:07

Қазалы вагон пайдалану депосының вагон қараушыларының қырағы назарынан ақаулы вагон таса қалып көрген емес.

Ақпанның ақ түтек боранды күндері бөлімше бойынша тәулігіне өтетін 10 шақты жұп жүк пойызы мен 19 жұп жолаушы пойызының құрамдарынан бір емес, төрт жүк вагонының ақаулы екенін анықтап, жылжымалы құрамды апаттан аман алып қалған теміржолшылар: Қызылорда техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушылары Сейтмек Онбаев, Дархан Тажимов және Сексеуіл техникалық қызмет көрсету пунктінің вогоншылары Ербол Құлжанов, Жәнібек Әубакіровтердің ерен еңбегін қалай жарнамаласақ та жарасады.

Еске сала кетсек, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру және жүк вагондары арбашасының құйылмалы тетіктерінің сыну жағдайының алдын алу мақсатында, өткен жылдың желтоқсан айында «ҚТЖ» компаниясы Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры М.Шакеновтың №ЦУДБ/334-И нөмірлі пәрмені бойынша биылғы жылдың наурыз айының 23-не дейін «Бүйір рамаларын тексерудің» төрт айлығы жарияланған еді.

Төрт айлық тексеруге жұмыла кіріскен аймақ вагон қараушыларының аяқ алысы жаман емес.Тәжірибелі вагон қараушы-жөндеуші Дархан Тажимов 5 ақпан күні Қызылорда станциясына келіп тоқтаған №2839 пойызды тексеріп, техникалық қызмет көрсету кезінде құрамның 18-вагонының 2-арбашасының 1291 таңбалы №47328 нөмірлі сол жақ бүйір рамасының ішкі бетінен 180 мм, сыртқы жағынан 270 мм көлемде жарықшақ анықтаған. Ал 20 ақпан күні №3473 пойызға техникалық қызмет көрсетіп жүрген Сейтмек Онбаев 2-арбаның оң жағындағы технологиялық шұқыр ішінің екі жерінен 5 және 10 мм көлемінде жарық анықтаған.

– Ақаулы вагон пойыз құрамынан ажыратылып, Қазалы вагон жөндеу депосынан дефектоскопиялық сараптамадан өткізіледі. Ақауды вагон қараушы тапқанымен оның ақаулылығын сараптама қорытындысы көрсетеді. Біздің вагоншылар міндеті – ақаулы вагонды анықтап, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына үлесін қосу, апаттың алдын алу. Қазір вагон қараушылардың өздерінің тарапынан жұмысқа жауапкершілікпен қарау күшейді, ақаулы вагонды тауып марапатқа кенелсек деген құлшыныс артқаны байқалады. Мұның өзі теміржолшыларды ынталандырып, жұмысқа жаңа серпін береді , – дейді Қызылорда ТҚКП басшысы Рүстем Ұзақбаев.

Азамат ҚҰЛЫМБЕТ, Қызылорда 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады