Жол бойын жаяу аралады

Аймақтар
10.03.2020, 13:29
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау станциясы басшылығының ұйымдастыруымен өткен «Темір жол – аса қауіпті аймақ» атты кезекті рейдке теміржолшылармен қатар құқыққорғаушылар, ауыл әкімдігі өкілдері де атсалысты.

Маңғыстау станциясы директорының орынбасары Айбол Есмұхановпен бірге Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары Айдос Елемесов, Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің инспекторы Нұрлыбек Рахметов, Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметі шұғыл әрекет ететін оңтайлы тобының аға күзетшісі Жұбаныш Ізбанов, күзетші Сағындық Тұрақбаев теміржол бойын жаяу аралап, тұрғындармен тілдесіп, теміржолда адам мен қараусыз жүрген малды басу оқиғаларының көбейіп кеткенін, оның салдары туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Теміржолда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін айтып, тәртіпке бағынбаған жүргіншілерге заңдық шара қолданылатынын да ескертті. Белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өтіп бара жатқан азаматтарды анықтап, жеке-жеке сөйлесті.

– Маңғыстау станциясында, өкінішке орай, бала да, шаға да, ересектер де теміржолдың белгіленбеген жерінен өтетін жағдай көп кездеседі. Жолға барлық ескерту белгілері ілінгеніне қарамайды. Сондықтан оларға мұндай әрекеттің арты өміріне қандай қауіп пен қатер төндіретінін ескертіп және балаларының теміржол аумағына ойнауға жібермеуді қатаң қадағалау керектігін айтудай-ақ айтудамыз. Жақын ауылдардың балалары теміржолда ойнап жүреді. Кейде олар жолға тас, бөгде заттарды қойып кетеді. Оны да айттық. Сондай ақ, теміржол мүлкін ұрлаудың да салдарын түсіндірдік, – дейді Маңғыстау станциясы директорының орынбасары А.Есмұханов. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады