Қарғын сумен күрес: арнайы пойыз жасақталды

Аймақтар
19.03.2020, 11:19
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылы Шығыс өңірге де қар жылдағы мөлшерден көп түсті. Мамандардың сөзіне сүйенсек, қар көлемі бұрынғы жылдармен салыстырғанда 50 пайызға артық жауған. Осы себепті де Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көктемгі су тасқынына даярлық шаралары қыс айларында басталды. Соның нәтижесінде бүгінде өңірдегі гидрометерологиялық ахуал біршама күрделі болғанымен дәл қазіргі күндері теміржол нысандарына тікелей төніп тұрған қауіп жоқ.

Басты ерекшелік сол, Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты аумақ – байтақ республикамыз бойынша жауын-шашын мол түсетін әрі өзен және бұлақ, тоспасулары өте көп аймақ. Сол себептен жылдың осы мезгілі табиғаттың тосын мінезіне жоғары деңгейде даярлық жасауды талап етеді. Қазіргі күндері өңір бойынша желі бойында 103 қауіпті телім бар. Айта кетерлігі сол, бұл аумақта күн күрт жылынса, қызыл су шайып кету қаупі аса жоғары.

Сол себепті, бұл аумақ бойынша тұрақты түрде телефон байланысы орнатылып, жарықтандырылып, тәулік бойы кезекшілік орнатылды. Қазіргі күні таулардан құлай аққан қар суын бөгетсіз ағызып жіберу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Семей магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Айдын Шәукежановтың жетекшілігімен арнайы жоспар жасалынып, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар қазіргі күні қызу жүргізіліп жатыр.

Оның ішінде еріген қар сулары суағарлар арқылы кәріздерге жіберіліп, су тоспалары мен өзендер және су қоймаларының деңгейі тәулік бойы бақылауға алынған. Мамандар сөзіне сүйенсек, желі бойында Семей магистральдық желі бөлімшесіне тиесілі нысандардың жалпы саны тым қомақты. Оның ішінде 472 көпір, 390 су өткізгіш құбыр, 146 су өткізгіш арық бар. Наурыздың 10 күнгі көрсеткіші бойынша НЖС-6 мекемелеріне тиесілі барлық көпір, құбырлар мен арықтар қардан толық аршылып, тазаланды. Мұнымен қоса, бөлімше бойынша көктемгі сең жүру және қызыл су тасқынының алдын алып, қажет жағдайда шұғыл жұмылдыру мақсатында қажетті техникалар қазіргі күні толығымен даяр тұр.

– Бұл ретте Семей магистральдық желі бөлімшесі басшысы Айдын Шәукежановтың назарда ұстауымен аталмыш бағыттағы жұмыстар ерте қолға алынды. Мәселен, қазіргі таңда аталмыш бөлімше бойынша 43 вагоннан тұратын 5 пойыз жасақталды. 38 платформа мен 5 жабық вагон жолға шығуға даяр тұр. Бұдан өзге арнайы әзірленген тастар мен темірбетонды шпалдар, цементтің де жеткілікті қоры бар, – дейді НЖС-6 жол бөлімінің бастығы Қайыргелді Ахметжанов.

Ерте кезеңнен қолға алынған жұмыстар көп. Мәселен, тасқын сумен күрес мақсатында 770 бірлік темірбетонды шпалдар қыс соңында әзірленген болатын. Жақын күндері тасқынға тосқын қою мақсатында бөлімше бойынша қосымша түрде цемент пен құмның, қиыршық тастың қоры еселенбек.

Мамандардың айтуынша, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша, су шаю қаупі ең жоғары аумақтар Жаңа-Семей және Аягөз жол дистанциясының қарамағындағы телімдер саналады. Сондықтан, ПЧ-40 пен ПЧ-42 жолшыларына түсетін салмақ та жоғары болып тұр.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады