Антиэпидемиялық шаралар – өз күштерімен

Аймақтар
07.04.2020, 09:48
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Республикалық «Біз біргеміз!» акциясына теміржолшылар да үн қосып, елімізде қалыптасып отырған жағдайға байланысты бірқатар тың шаралар легін бастады.

Қазіргідей елімізде төтенше жағдай жарияланған шақта Қазақстан халқына бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып тірлік жасау арқылы ғана тығырықтан шығуға жол табылмақ. Сондықтан, семейлік теміржолшылар қол қусырып қарап отырмай іске кірісті.

Жергілікті теміржолшылар арасында «сушылар» аталатын «Теміржолсу» АҚ қызметкерлері тек таза ауызсумен ғана қамтып қоймайды. Желі бойындағы су беру нысандары мен қатар қажетті жағдайда жекелеген теміржол құрылымдарына, вагондар мен тепловоздарға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге де құқылы. Міне, осы мүмкіндікті пайдаланған олар күллі бөлімше бойынша «Біз біргеміз!» акциясы аясында тегін антиэпидемиялық шараларды бастады. Әуелгі кезекте желі бойындағы шағын станциялардағы ауызсу модульдері мен скважиналарды, құдықтарды толықтай залалсыздандырған су берушілер өзге әріптестерінің өтініші бойынша теміржол шаруашылықтарының көптеген нысандарын хлор ерітіндісімен өңдеуден өткізуге кірісті.

– Расын айтқанда, қатерлі вирустың алдын алуда мұндай санитарлық шаралардың берері мол. Әйтседе, үлкен қалада залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арнайы рұқсаты бар мекемелер некен-саяқ. Мәселен, радиологиялық химия және биологиялық қорғаныс саласының әскерилері қаладағы қоғамдық орындарды, қалаішілік жолаушылар көліктерін, жол бойын дезинфекциялап үлгермей жатыр. Ал, арнайы сертификаты бар жекеменшік мекемелерге қомақты ақы төлеу қажет болады. Сол себептен де өзіміздің «Теміржолсу» мекемесінің осындай сәттерде көмекке келгені қуантады, – дейді оларға ризашылық білдірген жергілікті теміржол шаруашылығының мамандары.

Республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында Семей станциясының сушылары алдымен Жаңа-Семей жол дистанциясы мен ПЧ-39 мекемесінің құрылымдарына толықтай залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Мұндай дезинфекциялық өңдеуден бірінші кезекте дистанциялардың шеберханалары өткізілді. Сондай-ақ, станция басындағы маневрлік тепловоздар мен желі бойындағы шағын станцияларға су тасымалдайтын цистерналар да санитарлық талапқа сай тазартылды.

– Ұжым мүшелерімен ақылдаса отырып, осындай шешімге келдік. Ұсынысымызға басшылық та қолдау білдірді. Осы апта Семейдің өз басындағы жұмыстарды сәтімен аяқтадық. Егер облыстық әкімдік рұқсат берсе, Защита, Серебрянка, Зырян станциялары бойынша жұмыс жүргізуге әзірміз. Жалпы, бұл шараны қауіпті індет жойылғанша жалғастыра беретін боламыз, – дейді «Теміржолсу» АҚ Семей бөлімшесінің басшысы Сырым Сағымбаев.

Жалпы, мұндай жұмыстарды жүргізу үшін құзырлы орындардың арнайы рұқсаты керек. Хлор ерітіндісімен жұмыс істеу адам өміріне қауіптілігі жөнінен екінші орында тұр. Сондықтан оны теміржолсу тәрізді арнайы шаруашылық мамандары атқарғаны құба-құп. Айта кетерлігі, қазіргі күні мекемеде дезинфекция жүргізуге арналған құрал-жабдықтар мен арнайы халаттар, газдан сақтану тұмылдырығы сынды бұйымдар толық, хлор ерітіндісі де жеткілікті. Жұмыс тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Ұжым мүшелері осынау игілікті бастаманы қолға алулары себепті жұмысшыларды ақысыз демалысқа жіберуден сақтап та отыр. Мұның өзі қазіргідей елдегі күшейтілген карантин жағдайында олардың әлеуметтік ахуалын тұрақтандыруға үлкен себеп.

– Біріксек – бәрін жеңеміз, бұл қиындықты да өткереміз. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін! – дейді шығыстағы теміржолшылар қауымы.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады