Қауіпсіздік шаралары түгел қамтылуда

Аймақтар
11.04.2020, 10:53
Асхат Райқұл

«ҚТЖ» Жүк тасымалы» АҚ филиалы – Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде әлем елдерін жайлаған пандемияға байланысты іргелі шаралар қолға алынуда. Жолаушылар тасымалы 4 сәуір күні тоқтағанымен, жүк тасымалы жүйелі жүріп жатыр.

Бірақ, мамандардың айтуынша, экспорттық, импорттық тауар тасымалына шектеулер қойылған. Бұл ең алдымен әрине, азық-түлік тауарларына ел ішіндегі қажеттілікке орай қабылданған шаралар екені даусыз.

– Жақында еліміздің Ауыл шаруа шылығы министрінің арнайы қаулысы негізінде агроөнімдердің біршама тізіміне шектеулер қойылып, экспорттауға тыйым салынғаны белгілі. Алайда, бұл ахуал біздің бөлімшеміздің жүк тасымалы көрсеткіштеріне аса әсер ете қойған жоқ. Өйткені, әлгі тізімдегі бидай, күріш, жарма секілді өнімдер біздің аймақтан өзге өңірлерге жөнелтілмейді, – дейді бөлімше басшысының бірінші орынбасары міндетін атқарушы Дүйсенбек Сыдықов.

Сарапшылардың айтуынша, төтенше жағдай осылай жалғаса беретін болса, көп ұзамай Орта Азия, Қытай елдеріне де, тіпті мемлекет аумағына да кезкелген тауар экспортына шектеулер енгізілуі мүмкін көрінеді. Қазіргі таңда Жамбыл теміржол бөлімшесі ұжымының 70 пайызға жуығы басшылықтың арнайы бұйрығы негізінде қашықтықтан жұмыс істеу режіміне көшірілген. Дүйсенбек Сыдықов алдағы уақытта қызметкерлердің онлайн жүйемен жұмыс істеуге ауыстырылуы алдағы уақытта бұдан да көбеюі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

– Ахуалдың қалай өрбитінінен барлығымыз бейхабармыз ғой. Алай да, індеттен сақтанудың барлық шаралары жасалып жатыр. Мәселен, біз бастауыш кәсіподақ ұйымы арқылы 3 мыңға жуық медициналық маскалар алып, теміржолшыларға таратып бердік. Бұдан бөлек, антисептик бұйымдары да молынан алынып, тиісті орындарға қойылды. Күні кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-нан 4500 қорғаныш бетперде, 400 литрдей антисептик келді. Бұларды мекемелерге рет-ретімен таратып отыратын боламыз, - дейді бөлімшенің жауапты өкілі. Дүйсенбек Сыдықовтың айтуынша, әзірге қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің айлық жалақысында ешқандай өзгертулер, қандай да бір қысқартулар болмаған.   

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады