Ақтөбеде 500 адам қашықтан жұмыс істейді

Аймақтар
17.04.2020, 10:07
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе ЖТ және Магистральды желі бөлімшесі қызметкерлерінің арасында карантинде жатқан теміржолшылар жоқ. Өңірде барлығы 500-ге жуық теміржолшы қашықтықтан жұмыс жасау тәртібіне көшірілсе, өндіріспен тіке жұмыс істейтін 9 мыңнан аса теміржолшы шойын жолдың бойында қызметтерін қалтқысыз атқарып жүр.

Елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты санитарлық және эпидемиологиялық шаралар ұйымдастырылып, тәртіп күшейтілді. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандар арнайы штаб бекіткен режимге көшті. Ел басына күн туған жауапты кезеңде эконмикалық ахуалды құлдыратпай, жүк тасымалдау жұмыстарын барынша жандандырған теміржол саласы жұмысын тоқтатқан жоқ.

Соның ішінде тоғыз жолдың торабында орналасқан Ақтөбеде сақтық шаралары ерекше жолға қойылған. Батыс Еуропа- Батыс Қытай халықаралық транзиттік көлік жолында жүк тасымалы жүріп жатыр. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 300-ге жуық, ал магистальды желі бөлімшесінде 200-ге жуық қашықтан жұмыс жасау тәртібіне көшкен мамандар да қызметтерін жалғастырып жатыр.

«Әкімшілік және инженерлік-техникалық қызметтегі 769 маманның 267-сі қашықтан жұмыс жасауда. 450 жұмысшы кезекті еңбек демалысында. Қызметкерлердің 84,7 пайызы, яғни 4431 теміржолшы жұмыс орындарында. Барлық жұмысшыларға қорғаныш құралдары таратылып, санитарлық талап қатаң сақталуда»,-дейді Ақтөбе ЖТ бөлімінің кадр маманы Абзал Ғаббасов.

Ал Магистальдық желі бөлімшесі бойынша 190 адам қашықтықтан жұмыс жасауға көшті. Оның ішінде 87сі бөлімше мамандары болса, өндірістіктен де 103 адам бар. Бөлімшелер әсіресе, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі басым аймақтағы тәртіпті күшейткен. Тауар кассирлері, локомотив бригадалары мен депо жұмысшыларының денсаулығы медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Қауіпті аймақта жүрген осындай 234 қызметкер барлық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Оларға 17 мың медициналық бетперде берілді. Оның бір мыңын кәсіподақ таратты. Екі мың резеңке қолғап және мың литр антисептик таратылды. Орск станциясының шекарасында күніне 3-4 вагон қараушы мен шебер жұмыс жасайды. Олар Никельтау станциясынан шыққаннан медициналық тексерістен өтіп, Орск станциясында тағы медициналық тексеріс жасалады. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады