Салмақ – станция басшыларына түсті

Аймақтар
21.04.2020, 10:31
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма басшысының бірінші орынбасары К.Е. Әлмағамбетовтың 20-шы наурыздағы №00046 телеграфтық нұсқауы бойынша «Көктемгі байқауды өткізу туралы» арнайы бұйрық қабылданып, ел шығысындағы Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көктемгі байқау басталды.

Ерекшелігі сол, биылғы тексеру жұмыстары облыс бойынша енгізілген күшейтілген төтенше жағдайға байланысты жылдағыдан өзгеше өтуде. Семей бөлімшесінің басшысы Сиязбек Әлішевтың №490-шы бұйрығы аясында көктемгі байқаудың жылдағы қалыптасқан дәстүрден айырмашылығы сол, биылғы төтенше жағдайға байланысты және COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу үшін ЖТ-6, НЖС-6 мен РБ-6 бойынша арнайы комиссия жасақталған жоқ. Яғни, негізгі салмақ станция басшылары мен желілік құрылымдар жетекшілеріне түсіп тұр. Белгіленген телімдер бойынша көктемгі байқауды мекеме басшылары өздері өткізіп, тиісті құжаттамалар әзірлеуі тиіс.

Қазіргі қалыптасқан жағдай ескеріліп, 10-шы сәуір күні басталған көктемгі байқау 15-ші мамырға дейін созыла тын болды. Басты мақсат – теміржолға тиесілі өндірістік-техникалық нысандар мен жылжымалы құрамдардың қазіргі ахуалын бағалау, сала қызметкерлерінің жазғы жұмыстарға әзірліктерін пысықтау, қозғалыс қауіпсіздігін анықтау мен өрттен сақтану және өндірістік жарақатқа жол бермеу шараларының жүргізілуін қадағалау, еңбекті қорғау мәселелерін анықтау болып отыр. Осы орайда бөлімшеге қарасты станциялар мен барлық салалық кәсіпорындарда байқау шаралары жүргізіліп жатыр. Желі бойындағы тексеруге негізінен басшылық құрам ғана шығуда. Оларға тек қозғалыс ревизорларының қатысуына ғана рұқсат бар. Шара барысында анықталған кем-кетіктің барлығы белгіленген тәртіпке сәйкес ДУ46 журналына тіркелуде. Оның нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша арнайы шешім қабылданатын болады. 

Көктемгі байқау шараларын кластан тыс саналатын учаскелік Семей станциясы басшылығы да жүргізуде. Теміржол саласында 30 жылдан аса еңбек өтілі бар станция басшысы Алтынбек Мәмбетов дәл мұндай күшейтілген карантин жағдайындағы көктемгі байқауды алғаш рет өткізіп отырғанын айтады.

– Вирустық инфекциядан сақтану мақсатында көп адамның жиналуына тыйым салынған. Сол себепті тек жауапты адамдар ғана, атап айтсақ, станция басшылары - бас инженер мен оперативтік жұмыстар бойынша орынбасарым үшеуміз ғана жұмыс жүргізудеміз. Межелі іс-шаралар, жоспар «Станция бастығы күнінде» нақтыланған болатын. Бірінші кезекте станция басындағы құрылғылардың қыстан шығуын, жұмысын анықтап, нормативтік-техникалық құжаттамалардың рәсім-делуін назарға алудамыз. Жалпы, бір станцияға толық көлемде тексеру жүргізу үшін үш күн кетеді екен. Мамырдың 1-не дейін барлық құжаттар мен хаттамалар әзірленіп өткізілмек, – дейді станция басшысы Алтынбек Болатбекұлы.

Байқаудың алғашқы күнінде басшылар сұрыптау дөңесінде болып, ондағы процесс барысын назарға алды. Мұнда реттеуші-регулировщиктердің жұмысы пысықталып, біліктіліктері де тексерілді. Себебі, байқау талабы бойынша өндірісте еңбек етуші қызметкердің кәсіби деңгейі де анықталуы қажет. Нәтиже көрсеткендей, қызметтік ахуал талапқа сай болып шықты. Башмактардың барлығы арнайы орынға қойылған, дөңес рельстері толығымен майланған, маневрлік тепловоз машинисімен радио байланыс үзіліссіз жүруде. Әр қозғалысты қалт жібермей бағып отырған маневрлік диспетчердің нұсқаулықтары да бұлжытпай орындалуда. Жазатайым жағдай орын ала қалса, өртке қарсы құралдар да сақадай сай тұр.

Сол тәрізді станция басындағы қосындар да тексерілді. Қазіргі күні көктемгі байқауға байланысты барлық посттарда тазалық шаралары да жүргізілген болатын. Яғни, жылдағыдай байқауға әзірлік жүріп, жүйелі түрде даярлық жасалды. Себебі, байқау аясында жұмыс орнының қолайлылығына, санитарлық тазалығына, ондағы залалсыздандыру жұмыстарына да назар аударылуда.

Дәл осындай тексеру жұмыстары желі бойындағы Аягөз, Дегелең, Жаңғызтөбе, Шар сынды тораптық станцияларда да өткізілуде. Аталмыш елді мекендерге кіріп-шығу шектелгендіктен көктемгі байқауды өз күшімен өткізген станция басшылары оның нәтижесін бөлімше орталығына электронды түрде жібереді.

Өзгеше өтіп жатқан көктемгі байқау барысында анықталған кемшіліктер мен ақаулықтарды жою үшін арнайы мерзім белгіленетін болады. Ол үшін өндірістіктехникалық бөлім мамандарының қатысуымен мамырдың 20-на дейін арнайы хаттама толтырылмақ. Ал, бұл бағыттағы жұмыстар бөлімше басшысы Сиязбек Әліпбайұлының назарында тұр. 

Спорт
29.06.2026
Түлкібастағы тораптық жарыс
Аймақтар
29.06.2026
Үш өңірде қайта құрудан кейін бес теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
29.06.2026
ҚТЖ мен Wabtec Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебін салып жатыр
Әлемде
29.06.2026
Израильдегі теміржол құрылысы кезінде 1700 жылдық Рим мүсіндері табылды
Жаңалықтар
29.06.2026
Жолаушылардың тыныштығы – басты назарда
Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты