Жауапкершілік жүгі жеңіл емес

Аймақтар
05.05.2020, 09:52
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Әлішер Смайлов былтыр екі мәрте, бірін күндіз, екіншісін түнде вагонның қос доңғалағындағы букстың бұзылған ақауын анықтап, үлкен апаттың алдын алған. Басшылық оның осы еңбегін бағалап, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапаттап, материалдық сыйақы берді.

Әлішердің Астана вагон пайдалану депосына қарасты Нұр-Сұлтан станциясындағы техникалық қызмет көрсету пунктінде вагон қараушы болып жұмыс істеп жатқанына сегіз жылдан асып барады. Ол күнделікті үйреншікті жұмысы болғанымен, әркезде өз қызметін жауапкершілікпен адал атқаруды әдетке айналдырған. Техникалық сабақтардан қалмай, қолы бос уақытында да білімін жетілдіруге көп көңіл бөледі. Бір-екі ай бұрын Алматыға барып, он күндік ағылшын тілі курсынан өтіп келіпті.

– Темір жол – тұрақтылық пен үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын сала. Мен бұл салада жұмыс істеп жатқан жылдарымда көп нәрсе үйрендім. Темір жол темірдей тәртіп, қатаң талап пен үлкен жауапкершілік үстемдік ететін сала және ол маған сонысымен ұнайды. Бұл үрдістер өмірімнің ажырамас бөлігіне де айналды. Оның үстіне, адал еңбегіңді шынайы бағалап, жастардың өсуіне, өзіндік дамуына мүмкіндік беретін бірден-бір мекеме деп «ҚТЖ» ұлттық компаниясын айтар едім. Менің екі мәрте күрделі ақауды анықтаған еңбегім еленіп, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісін иелендім. Әрине, еңбегің әділ бағаланып жатса, ол адамның ынтасын арттырып, маман ретінде дамуына жол аша түседі,бірақ жауапкершілік жүгі де жеңіл емес, – дейді кейіпкеріміз.

Ақмола облысының Қорғалжын ауданына қарасты Жантеке ауылында туып өскен жас жігіт теміржолдағы еңбек жолын ел алдындағы әскери борышын өтеп келген соң бастапты. Бұған дейін дәнекерлеуші мамандығын бітіріп, аз-кем тәжірибесі бар жігітке депо жұмысы бөтен болмаған.

«Теміржолшы деген мәртебелі мамандыққа лайық болу маман ретінде де, адам ретінде де парызым. Өйткені, сан мыңдаған тонна жүк пен жолаушыларды тасымалдайтын вагондардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бізге жүктелген жауапкершілік әрі аманат деп білемін», – деп ой түйеді Әлішер Смайлов.

Вагон депосының басшылығы Әлішердің маман ретінде өзін-өзі көрсететін, танытатын кезі әлі алда деп санайды. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді