«Open space» кабинеті ашылды

Аймақтар
11.05.2020, 19:19
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ- ЖТ» АҚ Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі ғимаратында ашық форматтағы «Open space» кабинеті ашылды. Енді тек теміржолшылар ғана емес, кезкелген қала тұрғыны алпауыт компаниямен ашық байланыс орната алады.

«Open space» қағидаты бойынша жұмыс істейтін кабинеттің ашылу рәсіміне Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің бастығы Бөріхан Беркімбаевтың өзі қатысты.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мирлан Мұхамбетов пен «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тортаев бөлімшеге арнайы келді.

Жаңа орталық филиал басшылығына теміржол тасымалы саласын дамыту мәселелері бойынша ұсыныс-талаптарды тыңдап, жүзеге асыруға дайын.

Енді әрбір азамат аталмыш кабинет арқылы оператордан консультациялық кеңес немесе қызметтер алып, адалдықтың ала жібін аттаған қызметкерлердің үстінен шағым түсіре алады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылғандай, теміржол саласы да «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындауды қолға алып отыр. Осы жоба негізінде барлық қызмет түрлерінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Кез келген мәселені шешуде қолжетімділік пен жеделдікке баса назар аударылатын болады»,- деді Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің бастығы Бөріхан Беркімбаев.

Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы өз кезегінде бұл облыстағы 62-ші «Open space» форматындағы кабинет екенін және оның басты ерекшелігі – мемлекеттік сыңайлы сектор субъектісінде ашылуы жетістік екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдың тамыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен «Адал жол» жобалық кеңсесін құру туралы келісімге қол қойған.

Жоба теміржол тасымалының сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға жұмыс істейтін болады.

Ең бастысы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жұмыстарды бірлесіп жүргізуге басымдық беріледі. Жаңа нысан халықпен жұмыстың жаңа форматында қызмет көрсетуді бастап кетті.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады