Қоршауды бұзып өтеді

Аймақтар
01.06.2020, 20:29
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қауіпсіздік – теміржол көлігі үшін ең маңызды мәселе. Жасыратыны жоқ, адамдар көп жағдайда өз өмірі мен денсаулығына салғырт қарайды. Өңірде қайғылы жағдай тіркелген жерлердің барлығы – тұрғындарға жүруге тыйым салынған аймақтар.

Теміржолшылар қауіпті тұстағы қоршауларды тікенекті сыммен бекітіп, жүргіншілердің өтуіне барынша бөгет болғанына қарамастан, қоршауды бұзып, өздері жасап алған қауіпті жерлерден өтуге құмарларды тоқтату қиынға соғып отыр.

«Тұрғындарға сақтық шараларын ескеруді, тек белгіленген жерлермен жүруді айтып келеміз. Қоршауларды бұзып кету жағдайы қиындық туғызып отыр. Ескертуге құлақ аспағандар қоршауларды бұзып, теміржолдың үстінен емін-еркін жүретін жол салып алады. Және ол жерден күндіз де, түнде де өтеді. Биыл жыл басынан бері ел аумағында жылжымалы құрамның адам қағуына байланысты 10 жағдай болды. Абырой болғанда, Ақтөбе және Орал аумақтарында қайғылы жағдай тіркелген жоқ, бірақ жылдың жартысы да өтпегенін ескерсек, қуануға әлі ерте екенін түсінеміз», – дейді Ақтөбе станциясы басшысының орынбасары Асан Жұмағұлов.

Естеріңізге салсақ, Ақтөбеде 2019 жылдың 4 желтоқсанында қозғалып келе жатқан пойызбен жарысып селфи жасамақ болған қыз бала қаза тапқан болатын. Осындай жағдайлар қайталанбауы үшін теміржолшылар қайғылы орын болған жерде жиі рейд өткізеді.

Және бұл орындағы қоршаулар бірнеше қабатты тікенек сымдармен бекітілген. Бірақ қаншама еңбекті бір күн де тұрғызбай, тұрғындар сымды кесіп, қоршауды бұзып кетеді екен...

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады