Кірме жолдар кірісті арттыруда

Аймақтар
04.06.2020, 19:39
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар төтенше жағдай режимінің аяқталуымен бірден қауырт жұмысқа кірісті. Әсіресе жол бойындағы ірілі-ұсақты станцияларда карантинге байланысты тоқырап қалған жұмыстар күрт жанданып, әсіресе кірме жолдарда жүк түсіру жұмыстары бұрын-соңды болмаған деңгейде артып отыр. 

Семейдің Аягөз станциясының бастығы Нұржан Жақановтың айтуынша, биылғы жылы Аягөз станциясы бойынша жаңадан ашылған кірме жолдар саны артқан.

Сәйкесінше, жүк тиеу мен түсіру қарқын алған. Қазіргі күні станция басында маневрлік тепловоздар саны жеткілікті. Қозғалыс жиілігі жоғары.

Биылғы алғашқы 5 айдың басты ерекшелігі, тапсырыс беруші клиенттер санының ұлғаюына байланысты жылдағы үрдіске қарағанда жүк түсіру жұмыстары анағұрлым артып отыр.

Мәселен, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда, қазіргі күні ай сайын шамамен 100 вагонға артық жүк түсірілуде.

Бір ғана «БолЖар» ЖШС бір маусымға 155 вагон темірбетонды бұйымдар, 181 вагон битумға тапсырыс берген. Сол тәрізді жол жөндеуші «КаДорстрой» ЖШС 150 вагон цемент өнімін түсіруге ниет білдіріпті.

Мұның сыртында «НордТех инжиниринг» мердігер мекемесі де жүк түсіруде қомақты үлес алады. Бұлардың барлығы да жүк түсіруде биыл ғана қосылған әріптестер саналады.

Сондай-ақ, құрылыс материалдарын өндіретін «Алина-Холдинг» сынды басты әріптестің үлесі жоғары. Аталмыш алпауыт мекеменің бір өзі жаз мезгілінде ең кемі айына 150 вагонға дейін тапсырыс береді.

Сол тәрізді Аягөз станциясы бойынша «ШығысДаму», «Сәтпаев» ЖК сынды мекемелердің тұйық желілеріне көмір тасымалдануда. Жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда металл сынықтары мен тыңайтқыштар, құрылыс материалдарын, жергілікті өнеркәсіп өнімдерін тиеутүсіру ісі де жоғарылап келеді. Нәтижесінде 5 ай ішінде жүк тиеу фактісі нақты жоспар бойынша жоғарылапты.

Қазіргі таңда аягөздік теміржолшылар тәулігіне жоқ дегенде 10-15 вагон жүк түсіруде. Бұл көрсеткіштер таяу аралықта әлі де артады. Себебі, 22-ші жол айрығының тұсынан іргелі қытайлық мердігер компания «ДәнекерЖол» ЖШС қосымша кірме жол салуда. Жаңадан іске кіріскен мекеме жүк түсіру бойынша бір маусымға 300 вагонға тапсырыс бермек.

– Мезгіл жаздың басы болғанымен де жүк түсіру айрықша жоғары. Тораптық станция болғандықтан ол заңды шығар. Оның үстіне карантиннің кесірінен біраз уақыт тұрып қалған өндіріс орындары, жекеменшік жүк жөнелтушілер де жол ашылғасын қимылдап қалғанды жөн көруде. Осыдан былай жергілікті «Аягөз-Көмір» мекемесіне Қаражырадан қатты отын жеткізу мөлшерін ұлғайтатын боламыз. Ал қазір кірме жолдар кірісті арттырып, жалпы осы тұйық желілер есебінен жүк түсіру көлемі рекордтық көрсеткішке жетті, – дейді станция бастығы.   

Қазіргі күні Аягөз өңірі бойынша халықаралық автокөлік дәлізінің құрылысы жүріп жатыр. Соған байланысты мазут пен битум тәрізді құрылыс материалдарына тапсырыстар да күннен күнге өсіп отыр екен.

Станция бастығы Нұржан Серікқалиұлының айтуынша, экономикалық тиімділікті еселеуде де бірқатар батыл қадамдар жасалыпты. Қысқа мерзімдегі жұмыстардың өзін дұрыс жоспарлаудың нәтижесінде қазіргі нарықтық ахуал теміржолшылар жағында деп болжам жасауға әбден болады.

Оның үстіне Орта Азия мен Қытайды Сібірмен жалғайтын тораптық станция Аягөздің логистикалық маңызы күн өткен сайын артып келеді.

Бұл жайт станциядағы қат-қабат жұмыстардың ауқымынан анық байқалады. Ал штаттық кесте бойынша 54 теміржолшы еңбек ететін, маусымдық жағдайда тәулігіне 20 шақты жұп жүк пойызы, онға таяу жолаушы пойызы өтетін тораптық станциядағы жүк айналымы күзге қарай тіптен еселене түседі деп күтілуде. 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды