Мал мен масадан қорғануда...

Аймақтар
09.06.2020, 10:41
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Дегелең-Семей телімінің 270,2 шақырымында орын тепкен шағын ғана Шаған станциясының теміржолшылары үшін биылғы жаз қос бірдей қолайсыз жайтпен басталды.

4-ші класты Шаған станциясында бүгінде 70 шақты теміржолшы еңбек етуде. Басым көпшілігі – жолшылар. Қазіргі күні тек ағымдық жұмыстар жүргізіп жатқан жол шаруашылығының мамандары станция қызметкерлерімен бірлесіп желі бойындағы малды қайыруға да жұмылуда.

– Расында да бұл аумақтың бір ерекшелігі – ірі қара мал ұстайтын шаруашылықтар көптеп орын тепкен. Сол себепті көп жағдайда теміржолшылар атқа мініп, желі бойындағы иесіз түлікті қайыруға шығады. Қазіргі күні бұл бағытта тек қожалық иелеріне хабарласып, ескерту жасаумен ғана шектеліп отырмыз. Аймағымызда карантиндік шектеулер күшінде болғандықтан жиын өткізуге болмайды, – дейді бұл ретте станция басшысы Айдос Тоқтаров.

Дегенмен шағандық теміржолшылардың күш салуымен станцияға қарасты желі бойында шұғыл тежелулер болмапты. Ал екінші кезектегі мәселе – кәдімгі қанатты жәндік масаның жылдағыдан аса көптігі болып тұр. Қансорғыш жәндіктер әсіресе жаңбырдан кейін бұлт тәрізді қаптап, желі бойында қызметін атқарып жүрген теміржолшыларды шыдатпауға айналуда.

Теміржолшылар арнайы бетперде әзірлеп тігіп, қорғаныш киім киюге мәжбүр болыпты. Шаған шағын станция болғандықтан мұнда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілмейді. Сондықтан, теміржолшылар ғаламтордан қажетті кеңестер алып, жақпамай жағып, өздері амалдауда.

Тұйық желілері бар әрі жолаушылар пойыздары да аялдайтын станцияның жұмысы енді қызады. Себебі, іргедегі орын тепкен Қаражыра көмір кенішінің маусымдық жұмысы басталмақ.

Бұл кезеңде станциядан бір ауысымда 19 жұп жүк тиелген жылжымалы құрам өтеді екен. Ендеше, желі бойындағы мал мен масадан қорғанудың маңыздылығы тіптен арта түседі деген сөз. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады