Бес айдың жұмыс қорытындысы

Аймақтар
09.06.2020, 11:05

Өткен аптада Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі басшыларының қатысуымен өткен селекторлық жиында бөлімше директоры Айнабек Жукашев жыл басынан бергі бес айдың жұмыс қорытындысын шығарды.

Бөлімше директоры бес айдың жұмысын қорытындылай келе, Ақмола ЖТ бөлімшесі ұжымының елде жарияланған Төтенше жағдайлар кезінде де өз міндеттерін абыроймен атқарып, коронавирус инфекциясының таралып кетпеуі жолында үлкен жұмыстар жүргізгенін атап өтті. Ақмола бөлімшесіне қарасты Көкшетау депосының локомотив бригадасы РТЖ-на қарасты Оңтүстік Уральск теміржолының Петропавловск станциясындағы демалыс үйіне кіріп, демалатын болса, РТЖ Қорған депосының локомотив бригадалары НОДГП 1 аумағына кіреді, сонымен қатар басқа түйіспелер бойынша Ақмола бөлімшесі шекарасына Қостанай, Қарағанды, Павлодар жүк тасымалы бөлімшелерінің локомотив бригадалары кіреді, осыған орай бірқатар ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жасалып, ол вирустық инфекцияның таралмауына оң әсерін тигізген жақсы нәтижелер берді.

Бөлімше мамандарының жұмысты ұтымды ұйымдастырып, тиянақты атқаруының арқасында Нұр-Сұлтан – Атбасар телімінде межеленген күрделі жөндеу жүргізілді.

«Санаулы күндерде, дәлірек айтсақ, 10 маусымда күрделі жөндеу жасалып жатқан телімде жұмыс толықтай аяқталып, тиісті қозғалыс жылдамдығы орнатылатын болады. Бұл контейнерлік тасымалдың бағдарлық жылдамдығын жоғарылатуға қатысты міндетті орындауға мүмкіндік бермек. Контейнерлік тасымалдың бағдарлық жылдамдығын арттыру – теміржол саласы қызметкерлерінің алдына Компания басшылығы қойған басты міндет. Бүгінде бұл міндетті ақмолалық теміржолшылар абыроймен атқаруда», – деп ұжым жұмысына оң баға берді бөлімше басшысы Айнабек Жукашев.

Ал пайдалану көрсеткіштеріне келер болсақ, карантин жағдайында олар жәй ғана орындалып қоймай, өткен жылға қарағанда жақсара түскен.

Әсіресе, қорқұрушы көрсеткіш болып табылатын жүк айналымының көтеріңкі болуы көңіл қуантады.

Сонымен қатар локомотив паркін пайдалану көрсеткіштерінің де толық орындалуымен қатар жақсара түскені байқалады.

«Маусым – жартыжылдық кезеңнің алдын анықтаушы ай. Сондықтан барлық сапалық және сандық көрсеткіштерді мейлінше жақсарту қажет. Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі ұжымы алдына эксплуатациялық жұмыстардың жартыжылдық жоспарын орындауға қатысты салмақты міндеттер қойылған. Және де басшылар мен бөлім бастықтарына нақты тапсырмалар берілген. Біз бұл жоспарды ұжым болып ұйысып, табысты орындап шығамыз деген үміттемін», – деп ой бөлісті бөлімше директоры.

Күн тәртібінде пойыздар тартымына кететін отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу және өлшеуішке кететін үлестік норманы төмендету мәселесі де тілге тиек етілді.

Бөлімшенің локомотив шаруашылығына жауапты бөлімінің бастығы Мұхтар Балғоженов, дизельдік отынды үнемдеу бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілсе, пойыздар тартымына кететін электрэнергиясын үнемдеу бойынша әлі де резервтер бар екенін айтады.

Сондықтан локомотив деполарының бастықтарына бұл жұмыстың әлі де болса, белсенділігін арттыру қажет.

«Күнделікті бақылауда ұстап отырған келесі бір мәселе, ол автожүргізу жүйесіндегі жаңа буын КZ8А электровоздарында локомотив бригадаларын оқытып, үйрету. Бұл дегеніміз, жолдың профильдік жағдайын және бекітілген қозғалыс жылдамдығын ескере отырып, пойызды жүргізудің оңтайлы режимін таңдау есебінен отын-энергетикалық ресурстарды қосымша үнемдеуге әкеледі. Сондықтан да бұл мәселеге ерекше көңіл бөлініп, күнделікті бақылауға алынған», – дейді локомотив маманы.

Селекторлық жиында Компания кірісін арттыру мәселесі де тыс қалмады. Бұл мәселеде кәсіпорын басшыларына тағы да ұжымдарында алға қойған мақсат-міндеттерді іске асыруда белсенділікті арттыру бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды қарастыру тапсырылды. Жиынды қорытындылаған Ақмола ЖТ бөлімшесінің директоры Айнабек Жукашев барлық қызметкерді еңбек қорғау және пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Жалпы жиын сыбайлас жемқорлыққа қарсы минуттық шарадан басталды.

Компания басшылығының талабы болып табылатын бұл шара кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері сөз болып, және осы мәселеде мейлінше ұстамды болу қажеттілігі, әр қызметкердің ұраны – коррупцияға жоқ деу керектігі айтылды. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді