Қайғылы статистиканы арттырады

Аймақтар
16.06.2020, 09:05
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақмола ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары қайғылы жағдайлардың алдын алу бойынша вокзалда, перронда және Көкшетау станциясының вокзал алды алаңында профилактикалық шара өткізді. Акция теміржол көлігі нысандарындағы, әсіресе кәмелет жасқа толмағандармен байланысты қайғылы жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Олар теміржол аумағын аралап жүріп, ақмолалықтар мен қала қонақтарына пойызды станцияның белгіленген орындарында, вокзалда күтіп, перронға кіріпшығу, пойыз жақындап қалғанда платформа шетінен санағанда 3 метрден кем емес қашықтықта тұру керектігін, жолаушыларды отырғызу немесе түсіру пойыз толық тоқтаған соң ғана жүргізілетінін тәптіштей түсіндіріп, арнайы ескерту парақшаларын таратты.

Бүгінгі таңдағы жағдайға байланысты коронавирус індетінің таралмауы үшін адамдар арасындағы қашықтықты сақтап, маска мен қолғап кию аса маңызды екенін ескертті.

– Теміржолдағы қайғылы оқиғалар статистикасынан кейін осындай акциялар өткізіп, қарапайым нәрселерді еске салып отыруға мәжбүрміз. Азаматтардың абайсыздығы – осы қайғылы статистиканы арттырып отыр. Балалар үлкендердің қадағалауында болуы тиіс. Вокзал мен перрондарда ғана емес, сонымен қатар теміржолға жақын кез келген жерде ойнауға ғана емес, жүруге тыйым салынады. Біз жолаушыларға осыны жеткізуге тырысамыз, соны естеріне сақтауы үшін жадынамалар таратамыз, үш адамның бірі содан қорытынды шығарса, біздің еңбегіміздің ақталғаны, – дейді Ақмола ЖТ бөлімшесінің техникалық бөлімінің бастығы Гүлнар Шинкович.

Акция барысында теміржолшылар халыққа жолды тек арнайы белгіленген жерлерден: жаяу жүргіншілер көпірлері мен тоннелдер арқылы кесіп өтуі керектігін, жастарға құлаққаппен музыка тыңдамау керектігін ескертті. Себебі бұлардың бәрі айналаңды дұрыс көріп, артық дыбыстарды естуге кедергі келтіреді.

Пойыз машинисі берген дыбыстық белгілерге дұрыс мән беріп, вокзал дикторының дауыс зорайтқышпен айтқан хабарламасын мұқият тыңдау да маңызды. Бойында кернеуі бар нысандарға жақын баруға болмайды. Түйіспелі электр желісінен тоққа түскен жағдайда адам сол мезет тіл тартпай кететіні жайлы қайғылы статистикадан мысал да келтірілді.

Вагондардың төбесіне, басқыштарына, өту алаңдарына, автотіркегіштеріне мінуге тыйым салынатыны, сондай-ақ, пойыз жүріп бара жатқанда пойызға мінуге және түсуге, вагон ішінде терезеден және тамбур есігінен бас шығарып қарауға болмайтыны қайталап айтылды. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды