Көзжұмбайлық қатерге ұрындырады

Аймақтар
26.09.2020, 10:25
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Теміржол – ыңғайлы және қолжетімді көліктердің бірі. Оны күнделікті миллиондаған адамдар пайдалануда. Өкінішке орай, темір жол көлігінің дамып, жылдамдығының өсуі жолаушылардың жолда жүру уақытын азайтып, жүктің жеткізілуін тездеткенімен, адамдарға қауіп төндіретін проблемаларды да қоса тудыруда.

Әсіресе, ең басты кедергі адамдардың жауапсыздығы болып отыр. Ата-ананың бақылауын сезінбеген балалар темір жол арасын кезіп, вагондардың үстіне шығып, шойын жолды ойынға айналдырады. 

Оған көз жұма қараған үлкендер әрекеті теміржол бойында орын алып отырған бақытсыз оқиғаларға себеп болуда. 

Теміржолшылардың айтуынша, адамдар теміржолға қатысты қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Арнайы аспа көпірді пайдаланбай, асығыс айналып өте салады және балалардың теміржол маңында ойнап, кетіп бара жатқан пойызға тас лақтырып, жолға бөгде зат қойып, бұзақылық істерге баруына «қайтер дейсің» деген көзжұмбайлықпен қарап, жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. 

Бәрімізге белгілі, жүріп келе жатқан пойыз оқыс тежеу берсе де бірден тоқтауы мүмкін емес, пойыздың салмағына, жылдамдығына байланысты ең кемі 500-1000 метрдей жүріп барып тоқтайды. Жылдамдығы 100-120 км/сағ жүріп келе жатқан пойыз секундына 30 метр жерді жүріп өтетінін ескерсек, жолаушының жолды кесіп өтуіне 5-6 секундтай уақыт кетеді. Өкінішке орай, жас жігіттер мен бойжеткендер темір жолдан кесіп өтіп жатса да құлағынан құлаққаптарын шешпей, локомотивтің дауысын естімей, пойыздың астына түсіп қалған оқиғалар аз емес.

Дегенмен, биыл Түркістан станциясында жыл басынан бері сегіз ай ішінде өндіріске қатысты Н-1 және Н-2 жұмысшылары арасында жолдарда ешқандай да жарақат алу оқиғасы тіркелмеген. Бұл, әрине, теміржолшылардың тиянақты жұмыстарының нәтижесі деп айтуға болады. Өйткені, бүгінде жол бойын мал мен жаннан қору теміржолшылардың тағы бір міндетіне айналған сияқты. Бір қарағанда, жай тұрған вагондар қауіп төндірмейтін сияқты.

Алайда, ереже бойынша тұрған вагонға 5 метрден кем арақашықтықта жақындауға, астынан өтуге болмайды. Өйткені станцияда тұрған әрбір вагон жұмыс үстінде деп есептеледі. Әр секундта ол қозғалысқа келуі мүмкін. Вагонның екпінімен немесе бір жеріне киімі ілініп қалса, адамды дөңгелек астына тартып әкетеді. Әсіресе қарсы бағытталған жылжымалы құрамалардың арасында қалып қою өте қауіпті екен – Өйткені, қарсы бағыттағы құрамалар тудырған ауаның ағыны 16 тоннаны құрайды. Мұндай жүктеме адамды пойыз астына жұлып әкетеді. Сондықтан, уақытты қысқарту үшін өзіне ыңғайлы жерден өте салу дегенді қою керек халық. Теміржолды арнайы белгіленген орындардан ғана өту керек. Аспа көпірлер арқылы қауіпсіз өтуге болады. Ал ондай көпір жоқ жерде темір жолды кесіп өтуге арнайы төсемелерді пайдалану керек, – дейді Түркістан станциясының еңбек қорғау инженері Ләззат Рысбаева. 

Иә, адам өмірінен қымбат не бар? Сондықтан, көзжұмбайлық қатерге ұрындырмасын десек, темір жолдың қауіпті аймақ екенін ешқашан ұмытпаған жөн. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады