Ақаусыз жөнелтеді

Аймақтар
28.09.2020, 15:52
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Түркістан станциясына тоқтайтын вагондардың бірін қалдырмай тексерістен өткізіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жөнелтіп отырған вагоншылардың қырағы жанарынан қалт кеткен ақау ілуде бір кездеседі. 

Арыс ВЧДЭ-30 мекемесіне қарасты вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінде жыл басынан бері 2946 вагон берілсе, 3073 пойыз қабылданып алынған. Ал ағымдағы жөндеу жұмыстарынан 140 вагон тиісті жөндеуден өткізілген. Ақау анықталған вагонды құрамнан ағытып алып, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Жөндеуге келмей мерзімі өтіп кеткен вагондарды да анықтаумен қатар, вагондарды жүк артуға дайындау да вагоншылар міндеті. 

Қабылданған пойыздардың ішінде жыл басынан бері 9 вагон ағытылған. Ал ТМД елдерінің вагондарынан 8 вагон ағытылды. Цехта 33 вагонның тежегіштері жөндеуден өтсе, 2 вагонның соққы тартымы бойынша приборы жөндеуден өткізіліп,1 вагонның надрессор балкасы жөнделген, 100 шақты вагонның басқа да жеңілжелпі ақаулары жөнделіп, қалпына келтіріліпті. Бұдан бөлек, ағымдағы ағытып жөндеу цехында ТМД елдерінің меншігіндегі 119 вагон ағытылып, жөндеуден өткен. 

Сонымен қатар, тамыз айында 8 жабық вагон, ал жыл басынан 74 жабық вагон жөндеуден өткен. Оның ішінде 63 вагонға жүк тиелген. 8 жартылай ашық вагон, ал жыл басынан 41 ашық вагон, тамызда 1 цистернавагон, жыл басынан 7 цистерна-вагон жөнделді. Автотежегіші істен шыққан 3 вагон тамызда жөнделсе, жыл басынан 33 вагон жөндеуден өтіпті. Жалпы, тамыз айында 19 вагон жөнделсе, жыл басынан бері 140 вагонды түркістандық вагоншылар жөндеп шықты. Оның 109-ына жүк артылған. 

Ағытылған вагондардың ішінде жоспарлы түрде жөндеуге келмей, мерзімі өтіп кеткендері де болады. 

Тамыз айында мерзімі жарамсыз 18 вагон, жыл басынан 107 вагон анықталған. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады