Еңбек демалысына шыққан теміржолшыға құрмет көрсетті

Аймақтар
01.10.2020, 19:15
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қарттар күні қарсаңында Қандыағаш станциясының ұжымы осы станцияны 19 жыл басқарып, құрметті еңбек демалысына шыққан Нұрибай Сәрсеновке құрмет көрсетті. 

«Нұрибай Аманғалиұлы, Қандыағаш тораптық станциясының ұзақ жыл тек алдыңғы шептен табылуы – сіз секілді шебер ұйымдастырушы басшының еңбегі. Жылдар бойы өндірістік-қаржылық көрсеткішті өрге сүйреу үшін аянбай жасаған еңбегіңіздің куәсі болдық. Бүгін ортамызға шақырып, ұжым алдында сізге тағы да алғыс айтуды жөн санадық», – деді Қандыағаш станциясының басшысы Медет Аяғанов. 

Қазақстан темір жолы тарихына аты алтын әріппен жазылған тарлан теміржолшыны әріптестері қос мерекемен құттықтап, естелік сыйлықтар тарту етті. 

Теміржолшының туған күні қарттар мерекесімен тұспа-тұс келген. 

Нұрибай Аманғалиұлы – салада 44 жылға жуық еңбек еткен тәжірибелі теміржолшы. 1976 жылдан еңбекке араласып, 2002-2019 жылдар аралығында станцияны басқарып, бірнеше мәрте «Үздік басшы» атағын иеленген өз ісіне берілген талапшыл басшы бола білді. Өз ұжымын өрге сүйреп, темір жол саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер теміржолшы кездесуде жас әріптестеріне ризашылығын білдірді. 

«Қазақстан теміржолының жүк тасымалы, жолаушылар тасымалында біздің станцияның орны ерекше.

Сондықтан станцияны үздіктер қатарынан түсірмеуге аянбай еңбек ете беріңіздер. Бәріңе де алғысым шексіз, еңбектеріңнің жемісін көріңдер», – деді ардагер теміржолшы Нұрибай Сәрсенов.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады