Еңбек қорғауда елеусіз ештеңе жоқ

Аймақтар
01.10.2020, 17:25
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Түркістан өз алдына облыс атанғалы екі жыл да зу етіп өте шықты. Бүгінде өңірдің орталығында Түркістан станциясы да айтарлықтай қарқынды дамып келеді. Ең алдымен киелі қаланың ескі вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауласы толығымен абаттандырылды. 

Қала экономикасының дамуына теміржол саласының да үлесі бары жасырын емес. Түркістан станциясы бастығының орынбасары Мүтәліп Шарипов бүгінгі күннің өзекті мәселесі еңбек қорғау мен қауіпсіздік екенін жеткізді. Жыл басынан бері қаржыны игеру, еңбек қорғау, санитарлық-сауықтырудың кешенді шаралары 100% орындалыпты. 8 ай ішінде жұмысшылардың медициналық тексеруден өтуі талапқа сай жүргізілген, 32 адам ауысым алдында міндетті түрде тексеруден өтеді. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге сүт өнімдері тұрақты беріліп келеді. 93 адамның үшеуі декреттік демалыста болса, біреуі зейнеттік демалысқа шыққан. Диспансерде гипертониялық аурумен 14 жұмысшы есепте тұрады. 8 ай ішінде өндірістік жұмысшылар арасында ешқандай бақытсыз жағдай, жарақатқа жол берілмеген. 

Станция қызметкерлеріне 50 дана костюм, 300 жұп қолғап, 30 дана жауыннан қорғайтын плащ, 220 сигналды жилет, 60 жаздық бас киім, 26 құлақшын, резина етік – 29 жұп, 18 әйелдер бәтеңкесі, 120 ерлер бәтеңкесі, диэлектр қолғабы – 1 жұп, 10 фонарь беріліп, арнайы киіммен толық қамтамасыз етіліпті. 

– Станциядағы еңбек қорғау кабинеті арнайы көрнекі құралдармен, әдебиеттермен, плакаттармен, маркерлі тақтамен, теледидармен жабдықталған. Еңбек қорғау бұрышы да бар. Техникалық дәрістер «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалының техникалық дәрісті жүргізу ережесі» бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, техникалық дәріс өтетін арнайы кабинетіміз де бар. Бұл жерде компьютер, видемагнитофон, DVD видео, теледидар, маркер тақта бар, кітап сөресі мен киім ілетін шкаф, жазу үстелімен жабдықталған. Компьютерлер «ASPO», «Ebook» бағдарламасымен автоматтандырылған. Қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғау, ақпараттық материалдармен қамтылған. 8 ай ішінде 95 жұмысшыға 8 техникалық дәріс өткізілді. Дәріс барысы ойын, сұрақ-жауап, күтпеген оқиғаларды қалай шешу тәсілімен өтеді. Онда тақырыптық лекциялар оқылып, станциядағы өзекті мәселелер талқыланады, – дейді станция басшысының орынбасары. 

«Жолда адам» ақпараттық жүйесі бойынша да станциялықтар біраз жұмыс жасапты. Кестеге сай 8 ай ішінде жол бойындағы тұрғындарды аралап, өз өмірі мен денсаулығына ұқыпты әрі сақ болуға шақырып, Көлік полицияларымен бірлесіп 6 рейд өткізген. Жолаушыларға 100 дана буклет таратқан. 

Тағы бір айта кететін жайт, станцияда стандартқа негізделген кестеге сәйкес 8 айда 96 мінез-құлық диалогы жүргізілген. Тексеру барысында 32 қауіпті жағдай анықталып, оның 26-сы жеңіл жарақат алу тәуекелі, 6-уы ауыр жарақат алу тәуекелі болған. Осы қауіп тәуекелдеріне қарап, оны ретке келтіретін іс-әрекеттер жоспары құрылған. 

Сондай-ақ 8 ай ішінде 24 рет «Қауіпсіздік күні» өткізіліп, 47 ескерту беріліпті. Берілген ескертпелер бойынша акт түзіліп, оны жоюдың шаралары қарастырылды. Лауазымдық нұсқаулық пен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзған 83 теміржолшының екеуіне қатаң сөгіс, 24 сөгіс, 62 ескерту берілген.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады