Атыраулық диспетчерлердің алғашқы легі келіп қоныстанды

Аймақтар
05.10.2020, 16:35
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – Магистральдық желі бөлімшесінің «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» трансформация жобасы аясында Ақтөбе өңіріне атыраулық диспетчерлердің алғашқы легі келіп қоныстанды. 

Оларды Ақтөбе жүк және магистральдық желі бөлімше басшылары Бөріхан Беркімбаев пен Серғали Жайлаубай бастаған жергілікті теміржолшылар вокзалдан күтіп алды. Жаңа аймаққа отбасымен көшіп келіп жатқан теміржолшыларға қазақи дәстүрмен қымыз бен шұбат ұсынды. 

«Сіздер үлкен тарихи жобаның алғашқы қарлығаштарысыздар. Көпшілігіңізбен таныспын, кезінде Атырау өңірінде бірге еңбек еттік. Ақтөбеге сіңісіп, Батыс аймақтың диспетчерлері бір үйдің баласындай ауызбіршілікте жұмыс жасайсыздар деп сенемін. Үлкен жауапкершілікті талап ететін жобада Сіздер көшбасшы болатындарыңызды мақтан етулеріңіз керек. Үлкен жоба үмітті ақтап, баршамызға абырой әкелсін», – деді Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің басшысы Бөріхан Беркімбаев вокзал ғимаратында өткен басқосуда. 

Магистральдық желі бөлімшесінің басшысы атыраулық диспетчерлерді орталық жұмысын жандандыруға күш салуға шақырды. «Әр аймақтың мықтылары бір орталыққа жиналып жатыр. Өздеріңізге қандай жауапкершілік жүктелгенін сезінесіздер. Енді сіздер ақтөбелік теміржолшысыздар.

Қадамдарыңызға нұр жаусын. Жұмысты жоғары деңгейде көрсете білейік. Сіздерге көмек көрсетуге біз дайынбыз. Орталық жұмысын жандандыруға атсалысуға шақырамын», – деді Серғали Жайлаубай. 

Коныс аударушыларды орналастыру мәселесі қатаң қадағаланып, әр диспетчер толықтай орналасқанша отбасымен бір маманға бекітілген. Оларды пәтерге орналастыру, қажетті затымен қамтамасыз ету жұмыс жүйеленгенше жалғасады. 

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал және Қызылорда бөлімшелерінің бес бірдей диспетчерлік орталығын біріктіретін пилоттық жоба – Қазақстан темір жолы қызметіндегі цифрлық технология көрінісі. Енді Батыс аймақтағы барлық қозғалыс Ақтөбеде орналасқан бір орталықта басқарылады. Қазіргі уақытта Ақтөбе және Орал өңірінің диспетчерлері жаңа ғимаратқа көшіріліп, жұмысты бастап кетті. Жобаны жүзеге асыру барысында өткен жылдың 23 желтоқсанынан бастап Орал қаласынан 13 диспетчер келген болатын. Бүгін кесте бойынша Атырау қаласынан алты диспетчер қоныс аударып отыр. Келесі аптада қалған 11 маман келеді деп күтілуде. Сонымен қатар алдағы уақытта 18 диспетчерді Маңғыстау өңірінен, 22 диспетчерді Қызылорда облысынан күтіп алу жоспарланған. 12 қарашаға дейін барлық маман көшіп болуға тиіс. 

Батыс аймақтағы пойыздар қозғалысын басқаруды бір орталыққа жинаған пилоттық жоба тек Ақтөбе өңірінде ғана емес, болашақта Алматы және НұрСұлтан қаласынан ашу жоспарланған. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады