Түркістан станциясында жылжымалы құрам жеткілікті

Аймақтар
05.10.2020, 17:38
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Түркістан станциясында жыл басынан бері 8 ай ішінде 961 вагонға жүк тиелген. Оның ішінде 238 вагон – «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі жылжымалы құрамдар. 137 жабық вагон, 23 платформа, 123 жартылай вагон жалпы жүк тасымалының 16 пайызын құрайды. 

Жабық вагондарды негізінен жеке кәсіпкерлер астық және ауылшаруашылық өнімдеріне пайдаланған. Мысалы, 4 вагонмен «Кәусар Нұр» ЖШС Ауғанстанға ұн артқан. Тағы 4 вагонмен Барака ЖК, 5 вагонмен Диметов ЖК кебек жөнелткен. КХ ЕР-Аман 5 вагонмен қарбыз, 20 вагонмен ұн, 14 вагонмен қарбыз артса, жеке тұлға Тұраханов 1 вагонмен пияз жіберген. 

Ал жартылай вагондар тас, көмір тасымалына қызмет көрсеткен. 10 жартылай вагонға «Самғау Жасқанат» ЖШС көмір тиеп жіберсе, 28 вагонмен «НұрСтройЛТД» ЖШС түрлі жүктер, «Алекс Минерал» ЖШС саз бентониттер артқан. 22 жартылай вагонмен бетон плиткалар Ақтөбеге жіберілген. Бұдан бөлек, Арыс станциясына 2 вагон құм, 15 вагон көмір тиеліпті. 

Станцияның жекеменшік әрі жалға алынатын паркінде 678 вагон бар. Оның 120-сы жабық вагон, 220 платформа, 312 жартылай вагон, 2 цистерна, тағы түрлі 27 вагон бар. Төрт жабық вагонмен Құдайбергенов ЖК Ақтауға орындықтар артса, «Жігерлі» ЖШС 3 жабық вагонмен Ригаға шитті мақта жөнелткен. 18 жабық вагонмен «Road Text LTD» ЖШС да Ригаға шит мақта тиеп жіберген. Тағы 6 жабық вагонмен Кентау трансформатор зауыты электр жабдықтарын артқан. Бұдан бөлек, 1 жабық вагонмен жеке кәсіпкер Күнпейсов Атырауға пішен жөнелтсе, басқа да жеке кәсіпкерлер жиһаз, әктас, күріш, пияз, қарбыз, минералды сусын, ағаш жоңқаларын артқан. 

Әсіресе жаз айларында көптеген жекеменшік серіктестіктер Илецк, Иркутск, Қостанай, Маңғыстау сияқты аймақтарға қарбыз жөнелткен. 

Отыз платформамен «Кентау трансформатор зауыты» АҚ құрал-жабдықтар артса, 161 платформаға «НұрСтройЛТД» ЖШС темірбетон бұйымдарын артқан. 

34 жартылай вагонмен «ТамырБиоТех» ЖШС қара лом металдарын, 171 жартылай вагонмен «Строй сервис» ЖШС барит жүктерін жөнелткен. Ал 2 цистернаны «Тэк Казахстан» ЖШС дизель жанар-жағармай тасымалдауға пайдаланған. Жылжымалы құрамның қай түрі болсын жетіспеушілік болмаған. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады