«Үздік рационализатор» байқауының жеңімпаздары анықталды

Аймақтар
27.10.2020, 14:38
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде «Үздік рационализатор» байқауының осы жылдың үшінші тоқсанына арналған қорытындысы шықты. Бірінші деңгейдегі бұл байқауға рационализаторлық ұсыныс жасаған сегіз үміткер қатысты. 

Байқау комиссиясын Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Ильяс Нұржанов басқарды. Құрамында техникалық бөлімнің бастығы Н.Есенбаев, филиалдың экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы М.Шахаев, техникалық бөлімнің өндірістік оқытудан инструкторы Ғ.Мұратбаев болды. 

Айта кетейік, байқауға ұсынылған барлық рационализаторлық ұсыныстар пойыздар қозғалысының қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға, құрылғылардың беріктігіне, филиалдың технологиялық жұмыстарын жақсартуға, сондай-ақ тауар-материалдық ресурстарды үнемдеуге бағытталған. 

1-ші деңгейдегі техникалық кеңес рационализаторлық ұсыныстардың бәрін қарап шығып, жүлделі орындарды анықтады.

Вагон қараушы-жөндеуші И.Алтаевтың «Өлшеу құралдарымен тексеру бойынша жұмыс технологиясы (автосцепканың жағдайы мен қозғалысын тексеретін комбинациялық шаблон) Арыс станциясы ВЧД-30 зертханасы» атты ұсынысы жоғары бағаланып, бірінші орынды иемденді. Екінші орынды Шымкент станциясының жетекші инженер-технологы А.Әбішев алса, үшінші орынды өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы Т.Ордабай иеленді. 

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесін алға сүйрейтін ұтымды ұсыныстары үшін байқауға қатысқандар марапатталды. Бірінші орынға 40 мың теңге, екінші орын иесіне 30 мың теңге, үшінші орын иесіне 20 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді. 

Сонымен комиссия аталған үш рационализаторлық ұсынысты 2-ші деңгейде өтетін техникалық кеңеске жолдады. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады