Маңғыстаудың вокзалдарында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға мүмкіндіктер молаюда

Аймақтар
02.11.2020, 18:38
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаудың теміржол вокзалдарында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға мүмкіндіктер молаюда. Енді зағип жандар вокзалдағы қажетті қызметтерге біреудің көмегінсіз-ақ қол жеткізе алады.

Олар вокзал ғимаратының ішінде еш қиындықсыз жүріп тұрып, ненің қайда орналасқанын өзгеден сұрамай-ақ өздері оқып алуына болады. Вокзал ғимаратының кіреберісіне арнайы мнемосхема құрылғысы қойылды. Әзірге мұндай жаңа дүние жолаушылары көп Маңғыстау және Бейнеу вокзалдарына орнатылды. Аталған ақпараттар тақтасы адам ұстап, еркін оқуына болатындай қолжетімді биіктікте тұр. Онда көз жанарынан айрылған азаматтар оқуға болатын таңбалы жазумен жазылған барлық қажетті мағлұмат бар. Ақпараттар қазақ және орыс тілінде кәдімгі және зағиптарға арналған жазумен көрсетілген.

Ішінде ғимараттың толық схемасы мен ондағы жүріп тұратын әрбір бұрыш, қызмет алуға болатын әр нүктенің орналасқан орны бейнеленген. Бір сөзбен айтқанда, вокзалдың картасы сол тақтайшада.

 − Әлемдік стандартқа сай мнемосхеманы жақында ғана іске қостық. Сонымен қатар бұрыннан бері вокзалға кіреберісте оң жағында қызметкерлерді шақыру батырмасы жұмыс істейтін. Ол батырманың да жазуы зағиптарға қолжетімді болды. Одан бөлек біраз уақыт бұрын кемтар кісілерге арналған касса жұмыс бастаған еді. Яғни, арбамен жүретіндердің қолы жетуі үшін әдеттегі кассаның төменгі жағынан тағы бір терезе ашылды. Ондай азаматтар сол жерден қызмет ала алады, – дейді Маңғыстау теміржол вокзалының бастығы Айгүл Әмірова.

 Маңғыстау вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандарға қоларбамен қызмет көрсету жолға қойылған. Аталған санаттағы көмекті керек етушілерге арналған төрт қоларба бар. Дегенмен, оны айына небәрі екі-үш адам пайдаланбаса, көп сұраныс бола бермейтін көрінеді. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады