Тілсіз жаудан дін аман

Аймақтар
03.11.2020, 10:30
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолында биылғы жылы бірде-бір өрт оқиғасы болған жоқ. Барлық нысан «тілсіз жаудан» дін аман, өрттен қорғаныста қажет шаралар қолданылуда. Бұл жыл сайын үлгілі қызметімен бәйгенің алдын бермей келе жатқан Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағының жұмыс нәтижесі екені анық.

Жасақ бастығы Қайырхан Таласов биылғы жылы өрт қауіпсіздігі бағытында жүргізілген жұмыстармен таныстырды. Оның айтуынша, жылдың тоғыз айы ішінде жалпы саны 133 (2019 жылы 386) нысанның өрт қауіпсіздік жағдайы тексерілген. 

2019 жылы аталған мерзімде 372 болса, биыл 105 бұзушылық анықталған. Соның ішінде үшеуі темір жол жиегінің шөп-шаламнан тазаланбауы, 20-сы өрт сөндіргіштерге, тағы 20-сы автоматты өрт дабылқаққыштың жарамсыздығы немесе жабдықталмағандығы, алты бұзушылық тақтай сөрелерінің асбест қоспасымен қанықтырылмауына қатысты,12-сі тоқ сымдарының ақауына, үшеуі тоқ сымдарының кедергі күшінің тексерілмеуіне, 17-cі өртке қарсы сумен жабдықталмауына, тағы 27 басқа да ұсақ-түйек кем-кетіктерге байланысты болған. 

Тексеріс нәтижесінде 9 нысанға және 2 тоқ жүйесіне қатысты өрт қауіптілігі жайында ескерту парағы берілген. Жолаушылар пойыздарының өрттен қауіпсіздігін сақтау бағытында да сала мамандары бірқатар жұмыстар атқарған. 75/817 жолаушылар пойызы/вагонын тексерген. Одан 110 бұзушылықты анықтаған. Өткен жылы мұндай 432 кемшілік тіркелген екен. Соның ішінде былтыр 5 жолаушылар вагонына қатысты ескерту парағы берілсе, биыл мұндай ескерту 3 жолаушы вагонына жазылған. Локомотивтерден де өрт қауіптілігі жөнінде түрлі олқылықтар кездескен. Тексерілген 1788 локомотивтен 1103 бұзушылық тіркелген. 2019 жылдың тоғыз айында ол көрсеткіш одан да көп, 1915 болған екен. Ал жылжымалы құрамаларда анау айтқан кемшілік табылмаған. 

− Өрт те апат секілді, айтып келмейтін тілсіз жау. Сондықтан қай уақытта болса да өрттің алдын алу үшін сақтықты ұмытпаған абзал. 

Сәл жерден мүлт кетсең кішкентай ғана бір қателік үлкен апатқа соқтыруы мүмкін. Сол үшін де біз осы бағытта теміржолшылармен кездесулерде үнемі ескертеміз. Осыған дейін, мысалы, 7503 жұмыскерге өрт қауіпсіздігі нұсқауын өткіздік. 

2019 жылы бұл аудитория одан әлдеқайда көбірек еді. 13 860 адамды қамтығанбыз. Биыл бізге кедергі келтірген – пандемия. Соның салдарынан ойға алған шаруларымыздың біразы орындалмай қалды. Мәселен, үш тоқсан ішінде 10 оқу-жаттығу өткізу жоспарланған еді. Жоспарлы 8 және жоспардан тыс 1 оқу-жаттығу ұйымдастырдық. Десек те, биылғы жылды шығынсыз, өрт оқиғасынсыз өткізіп отырғанымыздың өзі олжа, – дейді жасақ бастығы Қайырхан Таласов.


Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады