Жолаушы - жолсеріктермен кездесулер өтті

Аймақтар
05.11.2020, 18:42
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Жуырда Бадам станциясының теміржолшылары мен ПЧ-53 жол дистанциясы және желілілік полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, шойын жолдың маңайында тұратын халық пен жолаушы пойыздарының жолаушы- жолсеріктерімен кездесулер өткізді. 

Аталған іс-шараның мақсаты – теміржолда орын алатын қауіпті және қайғылы жағдайларды болдырмау және алдын алуды көздейді. Теміржолшылар халықпен кездесу барысында «Абайлаңыз, пойыз!», «Көліктегі қауіпсіздік», «Теміржол – қауіпті аймақ!» тақырыптарын терең тарқатып, жұртшылықты өз өмірі мен денсаулығына мұқият болуға шақырды. Сонымен қатар, теміржолдар мен вокзал маңайында бұзақылық жасайтын жасөспірім жастардың ата-аналарына үлкен көлемде айыппұл салынатынын айтып ескертті.

Осы мақсатта ЖПБ қызметкерлерінің «Құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық жұмыстары қатаң жүргізіліп жатқаны да ескертілді. Мектеп оқушыларына теміржол бойында тәртіп сақтау, бұзақылық жасап, ата-анасының қалтасына шығын әкелмеуге, ұялы байланыстың құлаққабын теміржол бойында тақпауға, өміріне абай болуы ескертілді. 

Бадам станциясында өткен кездесуде тәртіп бұзған жолаушылар мен азаматтарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабының 5-бөлігі, 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қандай жағдайда айыппұл салынатыны егжей-тегжей түсіндірілді. 

Бадам станциясы шағын болса да қауіпсіздік басты орында тұрғандықтан тәртіп барлық жерде бірдей сақталуы тиіс, баршаға ортақ міндет дейді теміржолшылар. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады