Жіңішке станциясында қауіпсіздік – бос сөз емес

Аймақтар
07.11.2020, 10:41
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Мектеп оқушыларының күзгі каникулы алдында теміржолшылар станцияға жақын үйлер мен аулалар, стратегиялық нысанға жақын тұратын тұрғындар арасында рейд жүргізді. Әсіресе жолдың екі жағында да халық тығыз орналасқан Жіңішке станциясында қауіпсіздік – бос сөз емес.

Ақтөбе өңірінде ірі жүк тасымалы қызметін қамтамасыз етіп отырған Жіңішке станциясында пойыздардың қозғалысы өте қарқынды, әсіресе маневрлік қозғалыстар сақтық шараларын ескермейтін жүргінші үшін аса қауіпті. Өндірістік аймақта орналасқан Жіңішке станциясында бір айдың ішінде 3000-ға жуық вагонға жүк тиеліп, 4000-нан аса вагоннан жүк түсіріледі. Жүк тасымалына сүбелі үлес қосып отырған станция жүргіншілер қауіпсіздігін де басты орынға қойған. 

Жуырда станциялықтар күзгі каникулға шығып, темір жол бойын ойын алаңына айналдыратын балаларға және теміржол желілеріне іргелес жатқан елді мекен тұрғындары арасында теміржол қауіпті аймақ екенін тағы да еске салып түсіндіру, сақтандыру жұмыстарын жүргізді. 

Жол бойында жарақат алу оқиғаларының себептерін талдаған мамандар белгіленбеген жерден өту, пойыздардың жақындауы алдында рельспен жүру, қарама-қарсы бағыттағы пойыздың жоқтығына көз жеткiзбей, бiр бағыттағы пойыз жүре бергеннен кейiн дереу жолдан өту секілді жағдайлар соңы қайғылы жағдаймен аяқталатынына көз жеткізген. 

«Жолды қысқартып, уақытты үнемдеймін деген әрекет көбіне ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады. 

Нәтижесі – өлім немесе мүгедектік. Сондықтан қауіпсіздік – Жіңішке станциясы басшылығының жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Бүгінгідей аулалар мен жүргіншілер арасында түсіндіру жұмысын тұрақты өткізіп тұрамыз. Теміржолдан белгіленген жолақтан немесе арнайы көпір арқылы өтуді, локомотивтің алдына шықпауды сұраймыз. 

Балалардың каникул кезінде теміржол аймағын ойын алаңына айналдырмауын, ата-аналар жас балаларды қараусыз қалдырмауы тиіс екенін ескерттік», – дейді Жіңішке станциясының басшысы Талғат Сағынов. 

Станция кезекшісі барлық пойыздардың келуікетуі және маневрлік қозғалыстар туралы дауыс зорайтқышпен хабарлап отырады. Рұқсат етілмеген жерден өту қаупі туралы тағы қосымша 10 хабарлама ілінген. Өкінішке орай, тұрғындар арасында ондайды жүре тыңдайтын немқұрайлық көп көрінеді.  

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады