Қозғалыс кестесі қатаң сақталады

Аймақтар
27.11.2020, 09:36
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау вагон пайдалану депосының Маңғыстау станциясындағы ТҚКҚ, яғни техникалық қызмет көрсету қосыны өткен 10 айда пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін толық қамтамасыз етті. Қосын жұмысшыларының кінәсінен пойыз апаттарына жол берілген жоқ. Пойыздық және маневрлік жұмыстар тиісінше атқарылды. 

Депо қосыны арқылы биыл қазан айында жолаушы және жүк вагондарын қосқанда барлығы 30811 вагон жүріп өткен болса, жыл басынан бері оның саны 340993-ке жетті. Соның ішінде жабық, ашық, жайдақ және басқа да вагон түрлерін қосқанда бәрі 5045 вагон жүк тиеуге берілген. Сондай-ақ түрлі сұйықтықтар құюға 879 цистерна жіберілген. Қосынға жататын КТСМ қондырғылары арқылы биыл жыл басынан бері 7433 пойыз бақыланған. Бұл қондырғы пойыздар дөңгелектерінің, локомотив букстерінің, генератор шкивінің, вагон букстерінің қызып кетуі, тежегіштерінің толық жіберілмеуі бойынша ақаулықтарын анықтайды. 

Вагоншылардың тағы бір қызметі – ақаулы вагондарды ағымды ағытып жөндеу. Осы жөндеу бойынша биылдыққа 142 вагон ақауына байланысты пойыздан ағытылып, жөнделген. 

Соның ішінде ең көбі 49 ашық вагон және 36 жабық вагон бар. Осы кезеңде пойыздар қозғалысының кестесі бірде-бір рет бұзылған жоқ. Вагондар паркінің сақталуына да жауапты қосын бойынша кірме және станциялық жолдарда вагон бұзушылығы тіркелмеді. 

Қосынның Құрық станциясындағы пароммен келетін вагондармен де жұмыс істейтіні белгілі. Биыл осы порт арқылы пароммен аталған мерзім ішінде 513 вагон келіп, 470 вагон жөнелтілген. Бұл былтырғы көрсеткіштен біршама кем. Вагон шаруашылығындағы маңызды ақаулықтарды анықтайтын құрылғыларға УЗОТ-РМ жатады. Осы арқылы биыл барлығы 191 пойыз, яғни 2054 вагон тексерілген. 

 – Өңір теміржолшылары «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген «Өндірістік қауіпсіздік саласында ішкі бақылауды ұйымдастыру» стандарты негізінде жасақталған шаралар мен міндеттер негізінде де жұмыс істейді. Бұл міндеттер қатарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық шаралар мен жобаларды құрастыру және іске асыру, қозғалыс қауіпсіздігі жағдайына, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлар мен жобалардың орындалу барысына талдау жүргізу және қауіпсіздіктің бұзылуының алдын алу шараларын жасақтау мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша хабарламалар мен есептер жасақтау жатады, – дейді қосын бастығы Ерболат Сәулебаев. 

Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігі жағдайын, апаттық жағдайларсыз жұмыс жасауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру бойынша жиналыс жасау, қосын қызметін пайдалану жұмыстарын жақсарту үшін бірқатар жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда, олар – КТСМ-02 құрылғылары анықтап, тоқтатылған пойыздарды тоқтату себебін әр айда талдау, пойыздардың тоқтатылғаны жөнінде қатысты мекемелерге хабар беру, вагондардың тежегіш құрылғыларының ағымды ағытып жөндеуден шығуына, жөндеуден кейін оларды қабылдап алуға аса көңіл бөлініп, тексерулерді сапалы түрде жүргізу, техникалық оқытуды ұйымдастыруды жоғары деңгейге көтеру, операторлармен жұмыстар жүргізу көзделген. Бұған қоса көтеру механизмдері, кран-балкалар мен тарту құрылғыларының күтіміне аса көңіл бөліп, жоспарлы профилактикалық жұмыс бойынша «Еңбек қауіпсіздігі күндерін» сапалы жүргізу, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына сәйкес «Қауіпсіздік күнін» өткізу, КТСМ техника құралдарын сапалы түрде пайдалану, жолаушылар тасымалы өкілдерімен бірлесіп вагондарға техникалық қызмет көрсету, жолаушылар пойызын рейске дайындау сапасының технологиясына тексеру жүргізу, қолданыстағы құрал-саймандар, қосалқы талаптарға сай толықтырылған түрде пайдалану жұмыстары да бар.

Жолаушылар тасымалы
04.07.2026
Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Атырау теміржол вокзалын жаңғырту жұмысын жеделдетуді тапсырды
Жаңалықтар
04.07.2026
Ақтау портында орамды болатты ауыстырып тиеу қайта жанданды
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ басшысы мен Маңғыстау облысының әкімі Ақтау вокзалындағы жөндеу жұмыстарымен танысты
Жаңалықтар
04.07.2026
Талғат Алдыбергенов Маңғыстау облысындағы теміржол нысандарын аралады
Жаңалықтар
03.07.2026
Пойызда рейд ұйымдастырылды
Жолаушылар тасымалы
03.07.2026
Пойыз жолсерігі қандай міндеттерді атқарады?
Жаңалықтар
03.07.2026
ҚТЖ да 1000-нан астам тәлімгер кәсіби тәжірибесін жас мамандарға тапсырады
Жаңалықтар
03.07.2026
17 мыңнан астам теміржолшы біліктілігін арттырды
Жаңалықтар
03.07.2026
Мақсат – іскерлік этиканы нығайту
Жаңалықтар
03.07.2026
«Кедентранссервис» сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ҚТЖ келбеті
03.07.2026
Үздіктер анықталды
Аймақтар
03.07.2026
Болашақтың игі бастамасы
Сұхбат
03.07.2026
«Integra Construction KZ» – жол құрылысының көшбасшысы
Аймақтар
03.07.2026
Жамбыл жырларын жатқа оқыды
Аймақтар
03.07.2026
Теміржолға адал перзент өсірген әкеге алғыс
Жаңалықтар / Мұрағат
03.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №51 03 шілде 2026 жыл
Аймақтар
02.07.2026
Атырауда теміржол техникасын сынақтан өткізетін тәуелсіз орталық ашылды
Жолаушылар тасымалы
02.07.2026
ҚТЖ пойыздарымен 6 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
Аймақтар
02.07.2026
Жаңа вокзал. Атыраулық теміржолшы жаңа вокзалдың ашылуына өлең арнады