Оңтүстікте күн суытып, қыс келді...
Шымкент жол дистанциясының мамандары үшін бұл апта қарбаласпен басталды. Сенбі түннен бастап жексенбі күнімен жауған қардан жолшылар бұрмаларды аршыса, электр мамандары әуе желілерін тексерді.
Күн күрт суытқандықтан электр желілері тартылып, сымдар бір-біріне жабысып қалу қаупі байқалды. Аға электр механик Тұрар Керімқұлов ауыспалы мұнара құрылғысы арқылы әріптестерімен электровоз тоққабылдағыштарының өз мөлшерінен шығып кетпеуін бақылап шықты.
Ал, Шымкент станциясының «Оңтүстік» алқымында аға жол шебері Еділбек Тағаевтың басшылығымен 8 жолшы кешке дейін 45 бағыттағыш бұрманы қардан аршыды. Жалпы, Шымкент жол дистанциясы бойынша жексенбі күні 65 маман, түнгі ауысымда 36, дүйсенбіде 45 жолшы бұрмаларды ақ ұлпадан тазалаған. Бұрмалар қарға тығылып қалмас үшін, дистанциядан бөлек 13 мекемеден мамандар бөлініп, қармен күресті бірлесе атқаруда.
Қарашаның 21-і мен желтоқсанның 21 аралығында Шымкент жол дистанциясында «Жолды ағымдағы күтіп ұстау мен рельстердің жағдайын бақылау» айлығы басталды. Суықта рельстер тартылатындықтан, аязға сынып не болмаса майысып ақау орын алуы мүмкін. Айлық барысында барлық рельс бойы толық тексеріліп, қай жеріне қандай жөндеу керектігін анықталады.
– Бұрмалар мен рельстер арасындағы саңылауларын тексеріледі. Сосын аптасына бір рет телімге шығып арбашықтардың жұмыс атқаруын, техникалық жағдайын қараймыз. Әсіресе түйіскен рельстердің арасындағы саңылауларына қатты мән беріледі. Егер, рельс арасындағы саңылаулар ашылып кетсе апат орын алуы мүмкін. Дистанция бойынша қазір 13 арбашық бар, бірақ алтауының жағдайы төмен, яғни 50 пайызы ескірген. Сонда да ескілерін амалдап 26 оператор осы арбашықтармен үнемі рельс бойын қадағалап тұрады, – дейді ақаутапқыш цехының шебері Бейбіт Ақбердиев.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды