Ақтөбеде 2500 теміржолшы вакцина алды

Аймақтар
16.06.2021, 21:43
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінде бүгінгі күні барлығы 2500 теміржолшы вакцина алды. Бөлімшеде коронавирус пандемиясы уақытында вакцинацияланудың маңызды екені туралы жиі айтылып, түсіндіру жұмыстары тұрақты өтіп тұрады. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдың қатерлі індетіне айналған коронавирус инфекциясымен күрестің жалғыз жолы – вакцина алу екенін түсіндірді және қоғамдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықты вакцинамен қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау және коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау бойынша кең ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Індеттің алдын алу, вакцинаның тиімділігіне қатысты жұмыстар теміржолшылар арасында да қарқынды өтуде. Соның ішінде Ақтөбе бөлімшесінде де вакцинациялаудың тиімділігін жеткізетін түсіндіру шаралары тұрақты өтеді. Бөлімше осы бағыттағы бірлескен жұмыстарды жандандыру үшін «Mediker» медициналық орталығымен келісімге де отырды. Қазір теміржолшылар бөлімшеден шықпай вакцина салдыра алады. Бүгінде Ақтөбе жүк тасымалы және магистральдық желілік бөлімшелерінде 2500 теміржолшы коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. «Елімізде 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинациялау басталады. Вакцинация инфекциялық жұқпалы аурулардан, соның ішінде COVID-тен қорғанудың ең қауіпсіз әрі тиімді жолы. Жаппай вакциналау өте маңызды. Сондықтан теміржолшылар бұл аумақтық процестен тыс қалған жоқ. Бөлімшеде вакцина салдыруға 30-ға жуық қызметкер ниет білдірсе, дәрігерлер жұмыс орнымызға келіп екпе жасайды. Қалған кезде әр теміржолшы өз учаскесінде екпе салдырып жүр», – дейді Ақтөбе ЖТ қызметкерлермен жұмыс істеу бөлімінің бастығы Абзал Ғаббасов. Ал Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіндегі теміржолшылардың 28 пайызы вакцина алды. Соның ішінде халық көп жиналатын вокзал қызметкерлерінің вакцинацияланудағы жауапкершілігі түсіндірілуде. Сары аймақтағы Ақтөбе өңірінде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Десек те, тәулігіне жиырмадан аса адамнан ПТР тест қорытындысы бойынша ауру белгілері расталады. Сондықтан вакцина алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары тоқтаған жоқ.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады