«ASHYQ» жобасы Ақтөбе теміржол вокзалына енгізіледі

Аймақтар
22.06.2021, 12:06
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе теміржол вокзалына «ASHYQ» жобасы енгізіледі. Ғимараттың кіреберістеріне QR-код ілінді. Ереже бойынша «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар арнайы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөліміне жіберіледі. Ол үшін вокзал ішінен арнайы кабинет жабдықталып жатыр. Коронавирус жұқтырған азаматтар мен онымен байланыста болғандар 25 маусымнан бастап Ақтөбе теміржол вокзалына кіре алмайды. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырып отырған теміржолшылар да коронавирустың таралу қаупін азайту үшін теміржол вокзалдарында «Ashyq» жобасымен жұмыс жасауға көшті. Енді ғимаратқа QR-код сканерленгеннен кейін ғана кіруге рұқсат етіледі. Ақтөбе вокзалы жолаушылардың шоғырлануын болдырмау үшін үш жерге QR-код қойды. «Вокзал – стратегиялық аймақ. Жолаушылардың қауіпсіздігі сақталуға тиіс. «Ashyq» жобасын қосу үшін санитар мамандармен арнайы кабинет жасақталып жатыр. Ол жерде санитар мамандар мен біздің екі қызметкеріміз отырады. Жолаушылар ғимаратқа кіреберістен тексеріледі. Есік алдындағы күзет қызметі планшеттермен жабдықталған. Теміржол вокзалына «қызыл» және «сары» статусы бар азаматтар кіргізілмейді. Сол себепті Ashyq.kz сайтындағы бейтарап код арқылы өз статусыңызды алдын ала тексеріп алуыңыз қажет», – дейді Ақтөбе теміржол вокзалының басшысы Тойбазар Қуанышев. Кіру кезінде жолаушы QR-кодты ASHYQ.KZ, KASPI.KZ, AITY мобильді қосымшасы арқылы сканерлейді. Егер қосымша орнатылмаған болса, кіребе- рісте вокзал қызметкеріне ЖСН көрсету қажет. Ал шетелдіктердің статусы паспорттың нөмірі арқылы тексеріледі. Бұл ретте 18 жасқа дейінгі балалар тексеруден өтпейді. «Қазіргі уақытта қала тұрғындары мен қонақтарын ақпараттандыру мақсатында роликтер жібердік. Онда пандемия кезіндегі сақтық шаралары мен «Ashyq» жобасының вокзалға енгізілгені және оны пайдалану жолдары түсіндіріледі. Вокзал жаңа жобамен жұмыс жасауға дайын. Изоляция бөлмесіне түскен науқас болса, жолаушылармен байланыс болмас үшін арнайы есік дайындалды. Індет жұқтырған жолаушы анықталған жағдайды бірден оқшаулау мүмкіндігіміз бар», – дейді вокзал бастығы.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады