Көктемгі тексеру кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтау бойынша 119 кемшілік анықталды

Аймақтар
25.06.2021, 13:24
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Теміржол шаруашылығында жолдың сапалы болуы басты орында тұрады. Себебі, қауіпсіздікке бірден бір кепіл – ол сапалы көрсеткіштер. Ал жолды күтіп-баптап ұстауды, адами еңбек күші мен техникалық ресурстарды қамтиды. Бүгінде Шымкент жол дистанциясында 15 ақаутапқыш арбаның 12-сі жұмыс істеп тұр. «Биыл көктемгі тексеру кезінде еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздікті сақтау бойынша 119 кемшілік анықталды. Негізгі кемшіліктер күнделікті қолданатын құрал-саймандарды жөндеу, балға, күрек саптарын ауыстыру, т.т. ұсақ-түйек болғанмен, дистанция басшылығы оларды жоюды бірден қолға алды. Бүгінде 119 кемшіліктің 85% жойылды. Ал ақаутапқыш техникаларды жөндеп, толықтыруға РДМ-22 түрлендіргіш блогынан 5 дана, акуммулятор 20 амп – 5 дана, РДМ-22 орталықтан- дыру жүйесінен 3 дана қажеттігін анықтадық. Бұл техникалар толық болған жағдайда жолшылардың жұмысы жеңілдеп, жақсара түсері сөзсіз», – деді дистанцияның жетекші инженері Дана Өмірбаева. Айта кетейік, Шымкент жол дистанциясында жасанды құрылыстар мен жер төсемдері де жоспарға сай үнемі тексеруден өтіп тұрады. Жолшылар қазірге дейін 3 темір көпірді, 97 темірбетон көпірді, 214 темірбетон құбырын, 40 дана бетон құбырын, 4 жаяу жүргіншілер көпірін тексеруден өткізді. Ал көктемгі тексеру кезінде 77 кемшілік табылған болатын, 20 көпірде шпал астындағы шағылтастар нормадан артық болып шыққан. Жолшылар 18 құбырдың жан-жағын шөптен тазартты, 12 құбырдың аузын тастан аршып тазартты. Бұдан басқа, 166 көпірдің ағаш білеулерінің ақауын белгілеп, 11 құбырдың қабырғасын тот басып кеткенін, 4 көпірдің кері қабырғасын ұзарту керектігін, 12 көпір мен құбыр бастарын биіктету қажет болғанын анықтады. Бүгінгі таңда аталған кемшіліктердің 53% жойылыпты.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады