Шымкентте негізгі қызмет бойынша 8 млн теңге табыс түскен

Аймақтар
28.06.2021, 09:20
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Әлбетте, теміржол тасымалы табыс көзі болып саналады. Жолаушылар мен жүк тасымалынан басқа, халық- аралық транзиттік тасымал бәрі де ел экономикасының бюджетіне табыс әкелуі тиіс. Бұл орайда Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің алғашқы тоқсандағы негізгі қызмет бойынша табыстары қандай, таратып көрелік... Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында негізгі қызмет бойынша 8 375 474 мың теңге табыс түскен. Оның ішінде, тасымалдау қызметінен табыс 6 793 678 мың теңгені құраған. Ал өткен жылы 6 295 529 мың теңге болған екен. Қосымша алымдардан түскен табыс биыл 1 294 309 мың теңге болса, былтыр үш айда 1 254 407 мың теңгені құрапты. Жалпы, Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің осы жылға қойылатын мақсаты мен міндеттеріне тоқталсақ, сала мамандары тасымалдау процесінің сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. – Ең бірінші кезекте жүк тиеуде КТТ вагон паркінің үлесін 36%-дан астам арттыру көзделуде. Әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін ұжым арасында еңбекақы төлеу, Ұжымдық шарт пен Еңбек заңнамасындағы өзгерістер туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Сондай-ақ, «тастанды» пойыз- дардың санын 15%-ға дейін қысқартсақ деп отырмыз. АСУ ЭДТ-да маневрлік локомотивтердің қозғалысы мен жұмыс уақытын тіркеу үшін ГПАИС-ке Шымкент станциясының «Кедентранссервис», «Вер Хаус» және «Санжар Сауда» үш кірме жолдарының географиялық координаттарын анықтау бойынша ақпарат берілді. Қағазсыз технологияны қамтамасыз ету үшін ГУ-46 нысанындағы вагондарды беру мен алып кетудің автоматтандырылған ведомосын, ҚТЖ-ның кез келген станциясында басып шығару мүмкіндігімен АСУ ДКР жүйесінде жалпы нысандағы әрі коммерциялық актілерді енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, – деді Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Ильяс Нұржанов. Сондай-ақ, Шымкент жүк тасымалы бөлімшесіне қосалқы көмекші қызметінен түскен табыстарға тоқталсақ, жоспар 21 739 мың теңге, ал нақтысы 232 337 мың теңгені құрады. Осылайша табыс 210 598 мың теңгеге артқан. «Жолаушылар локомотивтері» ЖШС локомотивтерді жалға беруден 179 млн 968 мың теңге пайда тауыпты. Ал «КАС-Бетон» ЖШС-де тауар кассирлері мен жүк қабылдап-тапсырушылар қызметтерін ұсынудан 2 млн 455 мың теңге, қызмет жайларды жалға беруден нақты 1 млн 875 мың теңге, қосымша жасалған шарттар есебінен 57 мың теңге артық табыс түскен. Ағымдағы ағытып жөндеу жұмыстары (ТОР) – нақты 38 млн 277 мың теңге, артық 405 вагонға байланысты 19 млн 180 мың теңгені құрады. Яғни 1449 вагон ағытылып жөнделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда табыс 174 млн 621 мың теңгеге артық немесе 106,9%-ға орындалды деген сөз. Мұның себебін техникалық бөлімнің мамандары «Жолаушылар локомотивтері» ЖШС локомотивтерді жалға беруден деп түсіндірді. Негізгі емес қызмет бойынша табыс 2 млн 973 мың теңгені құрады, оның ішінде басқа дебиторлық берешек бойынша бағамдық айырмаға байланысты көрсеткіштер де бар. Жалпы алғанда, бөлімшенің кіріс-шығыстарын есептесек, алғашқы тоқсандағы аяқ алысы жаман емес деп қорытынды- лауға болады.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады